Жанкелдин ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні мерекеленді

Еңбеккерлерге шексіз құрмет

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудан өңіріндегі шаруа қожалық басшылары мен жұмыскерлері бас қосты.
«Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай салтантты жиын өтті. Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев еңбеккерлер мен еңбек ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісін «Бауыржан» шаруа қожалығының басшысы Нұрқожа Ерназаровқа, «Кеңес» шаруа қожалығының басшысы Талғат Мырзағалиевке, «Кенесары АБК» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Айтжановқа, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Мағзұм Баймағамбетовке, «Жанбақыт» шаруа қожалығының басшысы Бүтінбай Қазымжанұлына табыстады.

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін III-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен «Алмас» шаруа қожалығының агрономы Олжас Сайранұлы, ал, II-ші дәрежелі төсбелгімен Жамбыл Нұрғалиев және III-ші дәрежелі төсбелгісімен аудандық фитосанитарлық диагностикалық болжамдар орталығының басшысы Марғұлан Есполов марапатталады.

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін және ветеринариялық саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін Қостанай облысы әкімінің грамотасымен, Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына өзіндік үлесін қосқаны үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасарының алғыс хатымен, сондай – ақ, аудан әкімінің грамотасымен бірқатар еңбек адамдары марапатталып, мерейлері өсті.

Аудан әкімінің орынбасары Рауыл Қосқолов ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталып, егжей – тегжей баяндады.
«Жылдағы дәстүр бойынша жыл сайын ауданда егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін, өткен ауыл шаруашылығы жылын қорытындылай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Қорытындылау бір мезгілде ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуге, таяу болашақтағы одан арғы міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді. Милісай ауылында «Баракат» шаруа қожалығы 1200 бас ірі қара малға комплекс құрылысын жүргізуде, 150,0 млн.теңге жұмсалатын шығындар шаруа қожалықтың есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталған жоқ. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.Аудан шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға жақсы бетбұрыс жасап келеді. Бұл ретте мемлекеттік «Жеңілдікті лизинг», «Қазақстанда жасалған» және «Өз жем-шөбім» бағдарламалары тиімді болып отыр. Жыл басынан бері аталған бағдарламалар аясында 4 комбайн, 12 фронталды жүктиегіш, 1 экскаватор, 37 дана дөңгелекті тракторлары сатылып алынды. Техникалардың барлық сатылып алынған құны 1 042,0 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде шаруа қожалықтарының 21 дана техникасы өз қаражаттарына сатып алынса, бұл 270,0 млн. теңгені құрайды, қалған ауыл шаруашылығы және арнайы техника 772,0 млн. теңге сомаға лизинг бағдарламасы арқылы алынды. Ағымдағы жылдың басынан бастап ветеринариялық диагностикалық зерттеулер жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңға дейін ірі қара малынан – 63392 бас, ұсақ малдан – 82518 бастан қан алынып зертханаға тапсырылып, бруцеллез ауруына 44 бас оң нәтиже көрсетті. Оның 2 басы өліп акт жасалды, қалған 42 бас «Қостанай Агро Продукт» мал сою пунктісіне тапсырылды. 2025 жылға ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар бойынша 11 айлық жоспарға сәйкес барлық вет препараттар келіп түсті, Сібір жарасына қарсы ірі қара мал – 49000 бас, ұсақ мал – 68100 бас, жылқы – 11300 бас. Аусылға қарсы ірі қара мал – 80900 бас, ұсақ мал -100400 бас егілді. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, инвестиция тарты мәселесі көңіл көншітіп отыр. «ASK GROUP КAZAKHSTAN» ЖШC Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі ауылдық округінде 5000 бас ірі қара малға бордақылау алаңының құрылысы инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарланған. Жалпы сметалық құны 2 000,0 млн.теңгені құрайды екен. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен өз қаражаты есебінен жүргізілмекші. Жылына 1 000,0 тонна ет өндіріледі деп күтілуде. Оның сырытнда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызбел ауылдық округі аумағынан 48 жылға 20 000 гектар жер телімін жалға алады екен.

Жалпы, шаруа қожалықтары ауылдың жерлердің әлеуметтік – экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Дәл осы үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын тапса, ауылдың әлеуеті артары сөзсіз.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Смуретті түсірген: автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Костанайском районе возрождается Иверско-Петропавловский женский монастырь

Корреспонденты «НК» побывали в селе Октябрьское, где и располагается обитель. Первые шаги по монастырскому двору…

58 минут назад

Бюджет Костанайского района в 2025 году составил 33,8 млрд тенге

Как эти деньги повлияли на жизнь обычных людей? (далее…)

2 часа назад

Как Озерное превратилось в образцовый округ, где есть даже рентген и чемпионы мира

Этот сельский округ не просто административная единица, объединяющая села Озерное, Шишкинское и Суриковку (общее население…

3 часа назад

Ребята из рудненского центра поддержки детей с особыми образовательными потребностями выиграли гран-при

В столице состоялась торжественная церемония награждения победителей республиканского вокального конкурса «Жұлдыз болғым келеді». (далее…)

4 часа назад

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

1 день назад

This website uses cookies.