Жанкелдин ауданында бау – бақшамен айналысатын нағыз еңбек сүйгіш адам бар

Еңбек түбі береке – болады сонда мереке

Аудан тұрғыны Әбдуманат Шәйбекұлы қандай жұмыс болса да арланбай, жан – тәнімен беріліп істейді. «Бастысы адал еңбектің тәтті жемісін жесем» деген ұстанымы бар азамат. Ол 2021 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан көшіп келді. Оңтүстік өңірлерден қоныс аударған адамдарға мемлекет тарапынан көп қолдау болды. Оның сыртында жергілікті билік өкілдері де қолдарынан келгенше көмек берді. Бала күнінен еңбекке араласқан Әбдуманат күні бүгінге дейін қара жұмыстың бел ортасында жүр. Көктем айында жер жыртып, бау – бақша өсірумен айнылысады.

Көмекшісі құдай қосқан жұбайы. Екеуі таңның атысы, күннің батысы үшкір күрекпен жер жыртып, тырмалап, қопсытып, жеміс – жидек, көкіністердің дәнін себеді. Ескі болса да бір трактор сатып алу арманы. Еңбек сүйгіш азаматтың хал – жағдайын біліп, кәсібін көзбен көру үшін ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ернұр Иманғалиев екеуміз арнайы бардық. Аудан орталығынан әрі кеткенде 3 шақырым жерде, өзеннің бойында екен. 2 гектар жерге қызанақ, сәбіз, қияр, қауынның үш түрін, қызылша еккен. Өнім піскен уақытта көңілді шаруаны көре алмадық. Себебі, таза еңбектің нәтижесі өзі ойлағандай емес. Жаз бойы, қарға, қоян енді өсіп шығып келе жатқан жеміс сабақтарын қиып кетіп, біраз әуре – сарсаңға салған.


«Мен жылда бау – бақша егумен айналысамын. Биыл ойымдағыдай болмай тұр. Жерде әбден азған екен. Қолымыздан келгенше күтіп баптап, көкініс пен жемістер ектік. Барлық тұқымды Шымкент қаласынан алдырдым. Сәуір айында үй ауласына 10 мың түк қызанақтың көшеттерін отырғыздым. Ол тұқымды 84 мыңға сатып алдым. 4800 түп қарбыз ектім. 400 метр замануи яғни лайфак деген шланка алдырдым ақшасына. Әміре, әңгелек, банан қауындарын отырғыздым. Өнім беруі кенжелеп тұр. Міне күз айы да келіп қалды. Өнімдер әлі пісіп жетілмей жатыр. Қызанақтардың қызарғанын жинап алып, киллограмын 400 теңгеден сатып жатырмын. Қарбыздың келісі 180 теңге. Өтімі жақсы болғанмен шығысы баяу болып тұр. Шыққан шығынның орнын толтыра алмай қаламын ба деп қорқамын. Аудандағы атқа мінер азаматтар күз кезінде техникадан көмектессе, 2 гектар жерге қарақұм әкеліп төгіп, көктем айында қайта іске кірісемін. Аудан тұрғындары жергілікті жердің таза өнімін жесе деген ойым ғой», – дейді Әбдуманат Шәйбекұлы.

Бұған дейін мал өсіру үшін мемлекеттен қайтарымсыз несие алды. қазіргі таңда мал басы өсіп келеді. Одан кейін бау – бақшамен айналысу үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша төменгі пайызбен 1 млн 700 мың теңге несие алған. Кенжелеп қалған шаруашылықты қайта жандандырған Әбдуманаттай азаматтардың қатары көбейсе, Торғай жерінің құнарлы топырағыннан өсіп шыққан өнімнің тәтті дәмін татар едік.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сегодня в селе Караменды Наурзумского района состоялось торжественное мероприятие – День работников сельского хозяйства

Этот торжественный день аграрии с нетерпением ждут весь год, чтобы подвести итоги сельскохозяйственного года и…

4 часа назад

Қостанайда өткен әуесқой хоккей лигасында

Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті (далее…)

4 часа назад

В Новонежинке живет женщина, у которой детская мечта так и не ушла вместе с возрастом

Пенсионерка Нина Чопова просто решила однажды - пора воплощать идеи в реальность. (далее…)

4 часа назад

Инженер Евгений Матаев из Новонежинки о профессии, которой посвящена жизнь

В ТОО «Кайсар-Агро» знают: если что-то сломалось, если требуется совет, помощь или просто надежное плечо…

5 часов назад

В селе Троебратское Узунколького района стало светлее

Село Троебратское Узункольского района, что на границе с Северо-Казахстанской областью, считается окраиной. (далее…)

5 часов назад

This website uses cookies.