Жанкелдин ауданында есімі  Қазақстанның «КИНЭС»  рекордттар  кітабына енген тігінші бар

Ісмердің іскерлігіне ел тәнті

Қостанай  қаласында   мемлекеттік «Рәміздер  күні»  қарсаңында  Қостанай  қаласының  әкімі  Марат Жүндібаевтың  қатысуымен  «Жыл  патриоты -2024» форумы  өтті.

Аталмыш  форумға    Аралбай  ауылының тұрғыны,  жеке  кәсіпкері  Құралай  Молдабаева  қатысып,  «Бизнес» номимнациясы бойынша  үздік  деп  танылды. Нәтижесінде облыс  әкімінің грамотасымен  марапаталды.

2019 жылы  «Кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  ұлттық  жоба»  аясында  мемлекеттік  грантқа  ие  болып, 500 мың  теңгеге  өзінің шағын  кәсібін  бастаған.  Қажетті машиналар,  құрал  жабдықтарын  алып, қызығушылықпен  жасап  жүрген  жұмысын  кәсіп  көзіне  айналдырды.  Бүгінде  жұмысының  сапасының  нәтижесінде  тұтынушылары  көбейген.  Кәсібімен  қатар  отбасы  шаруасын  дөңгелетіп  отырған  ана, «Алтын  алқа»  иегері. 5 ұл  1 қызын  тәрбиелеп өсіріп,  бүгінде  10  немеренің  ардақты  әжесі  атанып  отыр.

«Тігін  тігу  кішкентайынман,  өзімнің  жаныма  жақын болды.  Үйде жүргенде,  туысқандардың,  таныстардың   сұрауымен киім  қысқарту,  пішіп  беру,  көрпе  тігу  сияқты жұмыстарды  жасап  беретінмін.  Кейін,  неге  осы  жұмысымды,  кәсіби  жұмысқа  айналдырмасқа  деген  ой  келді.  2019  жылы  мемлекеттен грант  жеңіп  алып,  арнайы  тігін  машинасын,  қажетті  құралдарымды сатып  алдым. Шағын тігін   цехімді  ашты. Қазіргі  таңда  көп  еңбектің,  сапалы  жұмысымның  нәтижесі  деп  білемін,  тапсырыс  берушілер  өте  көп.  Тұрақты  тұтынушыларымда  бар. Көбіне,  қонақ  көрпе,  қыз  жасауына  тапсырыстар  көп  түседі. Жұмысымды  жақсы  көргеннен  болар,  әр  тапсырысқа  жауаптылықпен,  тұтынушының  қалауындай  етіп  жасап,  көптің  алғысына  бөленіп  келемін», – дейді тігінші.

Айта  кету керек,  Құралай Қапарқызының  есімі  Қазақстанның «КИНЭС»  рекордттар  кітабына енген. Қазақстанның  жаңа  рекордын орнатқан Қазақстанның  әр өңірінен  жиналған 200 құрақшылардың  қатарында  болды. Қыркүйек  айында  әлемдік  деңгейде  өтетін көрмеге дайындалып жатыр. Арнайы  тігілетін  көрпелердің  сапасы  өте  жоғарғы  сапалы  маталардан,  таза  велюрдан  тігіледі.  Көрмеге  қойылатын  бір  көрпенің  құны 70 мың  теңгені   құрайды. Әр  облыстан  жиналған  1000 құрақшының  жұмысы,  сәтін  салса  әлем рекордын  жаңартып  қалуы  әбден  мүмкін.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

11 часов назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

11 часов назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

12 часов назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

12 часов назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

12 часов назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

12 часов назад

This website uses cookies.