Жанкелдин ауданында үйі өртенген азаматқа көмек берді

 Қысылғанда қолдау болды

Адам баласына қиын сәтте қолдау көрсету өте маңызды. Құлағанда қайта тұруға көп болып дему жасасаң , кез – келген қиындықтан сүрінбей өтуге болады. Осы бір ерекше қолдауды ұжымдастарынан сезінген Айжан Кәдірбек өзі қызмет ететін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұжымы мен Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкеркерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған “Мейірім” қорының басшысы В.А.Цымбалюкке ерекше ризашылығын жеткізді. Қиын сәтте ақшалай көмек беріп, кәсіподақ ұжымы қиын сәтте де қызметкерлерімен бірге екенін көрсетті.

Айта кету керек жақында Жанкелдин ауданында тоқтың қысқа тұюқталу себебінен, бір отбасының үйі өртке оранған еді. Дер кезінде сөнгенімен, үй тұруға жарамссыз болып қалды. Тілсіз жау айтып келмейді, қуанышқа орай адам шығыны жоқ. Көп түкірсе көл дегендей жан-жақтан қолдау көрсетіліп, жас отбасының қайта аяғына тұруына ықпал жасалды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31