Жанкелдин ауданында көршілес Амангелді ауданының өнерпаздары келді

Киелі өлкені әуезді әнмен тербеді

Бүгін киелі Торғай жерінін сазды әуен кернеді. “Таза Қазақстан” жалпы ұлттық экологилық акциясы аясында және КРI бағдарламасы бойынша Амангелді ауданының өнерпаздары “Ауылым —Алтын бесігім” атты концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Сахна шымылдығын Айтыс ақындары мен халықаралық жыршы термешілер одағының мүшесі”, айтыскер ақын Балтасар Тұрысбекұлы арнаумен ашты. Сазды кеш барысында халық әндері мен жергілікті ақын сазгерлердің өлеңдері көптеп айтылды. Бірақ, көрермендер залы толық болмады. Әлде өнер сүйер Торғай халқының киелі өнер сүйіспеншіліктері су сепкендей басылды ма екен.

“Біз алдын ала хабарландыру жарияладық. Әлеуметтік желі арқылы да хабар бердік. Көрермендердің аздығы біздің де жанымызға батып тұр. Қарапайым халықтың мәдени шараларға қатысуы өте төменге деңгейде. Жиналыс болса да, концерт болса да мекеме ұжымдарымен көрермендер залын толтырамыз. Бүгін жұмыс күні болғандықтан адам аз болып тұр. Алдағы уақытта бұл кемшіліктердің орнын толтырамыз” — дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Жанат Әлімаева.

Өнердің жілігін шағып, майын ішкен амангелділіктер Торғай халқына рухани демалыс сыйлады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31