Жанкелдин ауданында киікті заңсыз аулау дерегін анықтады

 Жангелдин ауданында полиция қызметкерлері киікті заңсыз аулау фактісін анықтады.

Аталған дерек жануарлар дүниесін қорғау және браконьерліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар барысында белгілі болды.
Тексеру барысында тіркемесі бар автокөлік пен киіктің ұшасы тәркіленді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды – «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, оның ішінде айналымы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерді, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сондай-ақ олардың мекен ету орындарын жою».

Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын сақтауға және браконьерлік фактілері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1