Тазалық басты назарда
Бүгін мекеме қызметкерлері ұжымдасып, “Таза Қазақстан” экономикалық акция аясында жаппай сенбілік шықты.
Олар өздеріне белгілеп берген көшелерін күл қоқыстан тазалап, бағандарды әктеп, қызыл сырмен жолақтар салды. Жаппай сенбілік жұмыстары нәтижесін беріп, аудан орталығы қыс бойы шашылған қоқыстардан тазаланды. Жалпы, бүгінгі жаппай сенбілікке қарапайым тұрғындарда атсалысса еш артықшылығы болмас еді. Кейбір тұрғындар өздерінің дарбазаларының алдын тазалауға да ерінетін сынайлы.
“Сенбілікке шығып, шашылған қағаз, үйілген қоқыстарды тазаладық. Алдағы уақытта жалғасын табады. Мекеме қызметкерлері аптасына бір рет сенбілікке шығып отырады. Тұрғындарда өздерінің аулаларын тазалап, шарбақ, дарбазаларын сырлап, қалыпқа келтіріп қойса жақсы болар еді. Сенбілік жұмыстары тек мекеме қызметкерлеріне ғана міндетті емес. Тұрғындар өз еріктерімен шықса, өңіріміздің өңіне қан жүгірер еді.”Таза Қазақстан” экономикалық акция төңірегінде күзге дейін сенбілік жалғасын табады. “Мөлдір бұлақ” акциясында өзен көл жағаларын тазалайтын боламыз. Осыған жастарда белсене араласады деген сенімдеміз. Еріктілер тобыда үлес қосса дұрыс болады”,-дейді Торғай ауылы әкімдігінің жауапты қызметкерлері.
Көктем айындағы сенбілік қарқын алып, көшелерге сән кіріп қалды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.