Мемлекеттік қызмет – мінсіз міндет
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер мен полиция күні салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Аудан әкімі Шота Оспанов айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Әрбір өркениетті мемлекеттің ең басты тірегі – оның идеясы мен саясатын жүйелеуші, жүргізуші мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін танытады. Сондай-ақ қоғамда құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының алар орны ерекше. Ел мүддесі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен елдің айбыны, қорғаны болған полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесі. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздегі тыныштық пен бейбіт күн баянды болсын», – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет жүйесінде және құқық қорғау саласында еңселі еңбек етіп жүрген қызметкерлерге «Облыс әкімінің құрмет грамотасын» , «Облыс әкімі аппараты басшысының алғыс хатын», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хатын», «Қостанай облысы полиция департаменті басшысының грамотасын» және «Жангелдин ауданы әкімінің грамотасын» табыстады.
Мерекелік марапаттан кейні, мемлекетке қызметтің баспалдағын алғаш аттаған ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дастан Әшірбекұлы халық алдында салтанатты түрде ант қабылдады.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке жалғасты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
Алтынсарин ауылының тұрғыны, «Алтынсарин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Әбіл Балмағамбетов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы»…
This website uses cookies.