Жанкелдин ауданында мереке қарсаңында қызғалдақтай қыз келіншектер бас қосты

Көтеріңкі көңіл күйдің кейіпкерлері

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен әр салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз – келіншектер «Coworking» орталығында бас қосып, алдағы жүйелі жоспарларымен бөлімті. Кәсіп, білім саласында жұмыс істеп жүрген мейірімді жандар өмірдің мәні ардақты аналардың жарқын жүзінде екенін тілге тиек етті.
«Ана деп көктем жыр төккен, Армысың, ару Нұр көктем!» атты дөңгелек үстел басына жиналған арулар өмірдегі қызықты сәттерді естеіне алып, бір шаттанып қалды.

«Біздің ісс-шарамызға қолөнердің бір тұтқасын ұстап жүрген Сымбат Айбатқызы, өзінің бойындағы қабілетін кәсіппен ұштастыра білген көп балалы ана Ақерке Сержанқызы, тәтті тағамдарды пісіруге қызығып, өзінің кәсібіне айналдыра білген Нұрай Қызылбайқызы, фаст –фуд тағам түрлерін жасап, халықтың әсіресе жастардың тапсырысын орындап, осы жұмысты өз кәсібіне айналдыра білген Ұлболсын Нартбайқызы, және сұлулық салонын ашқан Арайлым Талапқызы мен жас бүлдіршіндерді ағылшын тілін оқуға үйретіп жүрген Адила Асхатқызы қатысты. Кәсіп пен білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті», – дейді кітапхана басшысы Әсем Досмағанбетова.

Іс -шара барысында өз мамандықтары бойынша «Шебер сынып» сағатын өткізді. Соңынан кеш қонақтары алғыс хаттармен және мерекелік сыйлықтармен марапатталды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Денисовтың Қырым ауылында бір отбасы иесіз жерді шағын баққа айналдырды

Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…

2 часа назад

В Денисовской районной больнице продолжается вакцинация против гриппа

Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…

4 часа назад

Карасуские школьники уже сейчас стараются разбираться в непростом мире финансов

Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)

6 часов назад

Жангелдин ауданы: Қалам-Қарасуға су құбырын тарту құжаттарын әзірлеуге қаржы қажет

Жангелдин ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен. (далее…)

9 часов назад

This website uses cookies.