Жақсылық жаса адамға
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Жақсылықтың қайтарымы жақсылық, жақсылық жасау әркімнің қолында.
Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының 35 жылдығына орай Қазақстан бойынша бір күнде, бір мезетте 35 000 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен көмек қайырымдылық ісі жүзеге асып жатыр. ҚМДБ – ның өкілдері Қостанай облысына 1000 отбасыға көмектесу жөнінде тапсырма берген. Облыстық дін басшылары барлық аудан мен қала мешіттеріне нұсқау берді. Соның нәтиждесінде «Оспанқожа әулие» мешітінің өкілдері 30 отбасыға көмек көрсетіп, қайрымды істің жаршысы болды.
«Рамазан – қайырымды жандар үшін мол мүмкіндіктер маусымы. Оразада жасалған әрбір қайырлы іс – үлкен сауапқа айналмақ. Бірде Мұхаммед пайғамбарымыздан(салааллаһу ьәлейһи уә сәллам) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрағанда, ол кісі: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген жан», – деп жауап берген екен. Демек, адам баласы елі үшін жасаған жақсылығын міндетсінбей, мақтанбай бір Алланың разылығы үшін жасағаны дұрыс»,- дейді наип имам Аян Хасенов.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
This website uses cookies.