Жанкелдин ауданында облыстық жас ақындар айтысы

Торғай жерін жырға бөледі

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудандық білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «Алаштың рухы-Міржақыптың жыры» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Ержігітова, аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Қасым жылы лебіздерін арнап, жас ақындарға сәттілік тіледі.

Аталмыш жыр додасына Қостанай, Арқалық, Б.Майлин, Жанкелдин ауданының жас ақындары қатысып бақ сынады. Оқушылар айтысы жоғары деңгейде өтті. Сөз саптаулары, тарихтан сыр шертіп, жас та болса елдің ертеңімен мен бүгінін жырға қосуы, суырып салмалық пен жұптарымен әзілдері жарасқан ақындардың өнеріне барша көрермен таңдай қақты. Бес жұптың бәрі дерлік жоғары деңгейде деуге келмейді. Арасында енді шыңдалып келе жатқан оқушыларда бар. Дегенмен көптің қошеметіне бөленіп, халықтың жүрегінен орын алған Торғайлық жас ақын Таңжарық Байбатырұлы, Б.Майлин ауданының намысын қорғай келген Айару Беріктің, Қостанай қаласының оқушылары Инабат Нағашыбай, Айсұлтан Тарғынбек, Арқалық қаласының жас ақыны Ақбота Мұқаштың өнерін ерекше атап өтуге болды. Айтыс десе ішкен асын жерге қояр халықпыз ғой, расымен жас өрендерді қолдай келген халықтың қарасы көп болды. Айтыс барысында «Нағашы жиен», «Қызбен жігіт» айтыстарының куәсі болдық. Жалпы ауданда кең көлемде жас ақындар айтысы көп орын ала бермейді. Десекте, бүгінгі өткен айтысты тамашалай отырып нағыз болашақ айтыскер ақындар шыңдалып, өсіп келе жатқанын аңғардым. Жыр додасының бас жүлдесін 10 ақынның арасында топ жарып, қарсыластарын шаң жұқтырмай оза шапқан Торғайлық жас ақын Таңжарық Ниязбек жеңіп алды. Жүлделі бірінші орын Арқалықтан келген Ақбота Мұқашқа бұйырды. Жүлделі екінші орынды Б.Майлин ауданының жас ақыны, болашағынан зор үміт күттіретін Аяру Берік иеленді. Қостанай қаласының қатысушысы Инабат Нағашыбай жүлделі үшінші орынды иемденді. Қостанай қаласының жас ақыны Айсұлтан Тарғынбек «Дарынды ақын», Б.Майлин ауданының қатысушысы Әмин Перизат «Жас ақын» номинациясымен марапатталды. Төрт ақынға қатысқаны үшін арнайы мадақтама табысталды. Барша жеңімпаздар ақшалай сыйақымен және жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сегодня в селе Караменды Наурзумского района состоялось торжественное мероприятие – День работников сельского хозяйства

Этот торжественный день аграрии с нетерпением ждут весь год, чтобы подвести итоги сельскохозяйственного года и…

2 часа назад

Қостанайда өткен әуесқой хоккей лигасында

Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті (далее…)

3 часа назад

В Новонежинке живет женщина, у которой детская мечта так и не ушла вместе с возрастом

Пенсионерка Нина Чопова просто решила однажды - пора воплощать идеи в реальность. (далее…)

3 часа назад

Инженер Евгений Матаев из Новонежинки о профессии, которой посвящена жизнь

В ТОО «Кайсар-Агро» знают: если что-то сломалось, если требуется совет, помощь или просто надежное плечо…

3 часа назад

В селе Троебратское Узунколького района стало светлее

Село Троебратское Узункольского района, что на границе с Северо-Казахстанской областью, считается окраиной. (далее…)

4 часа назад

This website uses cookies.