Ел игілігі үшін тиімді
«Республика күні» мерекесіне орай аудан орталығынан «Жылы ұя» бөбекжай бақшасы ашылды.
Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Шота Оспанов, аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Ержігітова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов өздерінің тілектестіктерін білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді. Республикалық «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың алғыс хатын аталмыш партияның аудандық филалының төрағасы Ғабит Сүндетбаев иігілктің істің жаршысына айналған Жанар Асанханқызына табыстады. Балабақшаның ашылу салтанатына куә болған аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, кәсіпорын басшылары ізгі ниеттерін білдірді. Аудан әкімі жаңадан ашылған балабақшаға замануи компютерді сыйға тартты.
«Аудан орталығында іскер азаматтардың бірі Асхат Надимұлы. Нағыз қолынан іс келетін азамат. Айтқан уәдесінде тұрып, қалтасынан қаржы шығарып, жекеменшік балабақша ашты. Тозығы жеткен екі қабатты ғимаратты заман талабына сай жөндеп, ел игілігіне ұсынып отыр. Біздің кейбір кәсіпкерлеріміз тек өздерінің жеке бастарының қамы үшін жұмыс жасауды ғана мақсат тұтады. Ал, Асхат Сафарғалиев басты ұстанымы туған жеріне, еліне қалтқысыз қызмет жасау. Басқаларға да үлгі болсын деген ниеттімен», – деді аудан басшысы.
Рас, бұған дейін жеке кәсіпкер Асхат Надимұлы жекеменшік оқу орталығын, дәріхана, «Dan – As» шығармашылық орталығын ашып, халыққа қызмет жасап келеді. Бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан балабақшадан 15 жұмыс орны ашылады. Демек, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз. Оның сырытында балабақшаның сырты қапталып, есік алдына қиыршық тастар төселетін болады. Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ Суретті түсірген: автор
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
This website uses cookies.