Жанкелдин ауданында сиыр кезек бағу мәселесі қиын болып тұр

Ақшасына мал бақпайтын адамдар бар

Жалпы, аудан, ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулерінде көтерілетін басты мәселе, ірі қара малын кезекпен бағу жиі айтылады. Бірақ, жергілікті тұрғындардың ірі қара малын кезекпен бағуға еш құлықтары жоқ. Оның үстіне өрісте жүрген малы жоғалса, жергілікті полиция өкілдеріне шағымданып, тауып берулерін өтінеді. Қазіргі уақытта аудан орталығында ірі қара малдары көше кезіп жүр. Саябақтарға кіріп, ішін ластап, маза бермегесін Торғай аулының әкімшілігі мен полиция өкілдер бірлесіп, арнайы темір шарбаққа қамап қояды. Тіпті, қараусыз жүрген малдың иелеріне полиция қызметкерлері айыппұл салған. Себебін сұраса орталыққа кірген сиырларға айыппұл төлету заң бар екенін алға тартқан.

«Менің үйім орталықта тұрады. Масалап келген сиырым үйдің қасына келіп тұрған жерінен жергілікті полиция өкілі Жасұлан Манатұлы айдап апарып, қамап, маған хабарласып, айыппұл төлетті. Сонда менің сиырым үйге келу үшін аяғы жерге тимей, аспанмен ұшып келе ме? Егер орталықтағы саябақта жүрсе, онда еш қарсылығым жоқ. Малмен күнкөріп отырған халықты дәл осылай қыспаққа ала берсе, көшу мәселесі тоқтамайды. Өйткені бұл жердегі адамдардың көбісі мал үшін отыр. Сондықтан осы мәселенің нүктесін қою керек», – дейді аудан тұрғыны Алпыс Тұрман.

Қазір жердің бәрі көк шөп. Маса да көп. Өріске кеткен сиырлар түске жетпей қайтып келеді. Шанышқақ тиген мал айнлып үйріліп, үйге келеді. Рас, кейбір малдар орталық саябақтарда сайран құрып жүреді. Көшелерді ластайды. Жұмыссыздықта жүрген адамдар көше тазалығына үнемі назар аударады.

«Біз саябақтарда жүрген сиырларды арнайы орынға апарып қамаймыз. Қазір аптасына бір рет сенбілік жұмыстарын жасап жатырмыз. Бір жағынан тазалап жатсақ, екінші жағынан сиырлар бүлдіріп жатады. Таңертеңнен кешке дейін көше тазалап жүрген жұмыссыздықтың адамдарына да оңай емес. Малды кезекпен бағу мәселсін қолға алу керек», – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Жұмыссыз жүрген жастар мен жас отбасылар бар. Бірақ, олар ақшасына мал баққысы келмейді. Үкіметтің балаға төлейтін жәрдемақысын алып, көлеңкеде жүргенді ұнатады. Бір күн мал кезек өткізі 5 – 7 мың теңге. Айына есептесеңіз 150 – 210 мың теңге. Бұл бір отбасы үшін үлкен табыс.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Недавние новости

Юные спортсмены Сарыкольского района покоряют асық ату и бес асық

Сила традиций и дух соревнований: асық ату и бес асық объединяют молодежь (далее…)

8 часов назад

Қарамеңділік жас өнертапқыштардың жарқын жобалары

Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды…

1 день назад

Активисты экодвижения учреждения образования Карасуского района отпраздновали День обновления

В Жаңару күні – шестой день общенациональной декады Наурызнама школьники Амангельдинской ОШ провели встречу единомышленников…

1 день назад

В Карасуском районе на водоёмах начались взрывные работы

Первые взрывы выполнены на реке Карасу в районе села Карасу. (далее…)

1 день назад

В Аулиеколе состоялся районный конкурс «Бұрымды қыз-2026»

Мероприятие прошло в рамках Наурызнама и стало настоящим праздником красоты, традиций и женственности, объединив талантливых…

1 день назад

В Денисовском районе проведены взрывные работы для предупреждения паводка

Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.