Тұлға рухына тағзым
М.Дулатұлының 140 жылдық мерей тойына арналған негізгі іс шаралар 20-21 қыркүйек күні өтеді деп белгіленді. Аталмыш тойға аудан орталығында қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Демеушілердің көмегімен көптеген жұмыстар легі жасалып жатыр.
Өткен аптада М.Дулатұлының мұражайы ауласына демеушілер демеушілік жасап 20түп қарағай, 50 түп қарағаш пен 100ге тарта гүл әкеліп берді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қадағалауымен, тиісті орындарға жеткізіген ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Аталмыш жұмысқа аудандық ветеренария станциясының қызметкерлері ат салысып дер кезінде отырғызылуына қолғабыс жасады. Жұмыстың барысында Қызбел ауылының әкімі Қайсар Нұрғазин де техникаларын жұмылдырып сумен қамтамасыз етіп отырды.Ендігі міндет көшеттер мен гүлдерді дұрыс баптап, уақытында суын құйып күту. Тек тойдың өткенін күтпей, алдағы уақыттада қараусыз қалдырмау қажет.
Елдегі тойдың өтуіне белсенділік танытып жатқан ауыл тумаларының, сырттан қолдау білдіген демеушілердің көмегі елдің ішкі келбетінің өзгеруіне бір талай көмек болды. Одан бөлек ағымдағы жоспарда бекітілген жұмыстарда той уақытына дейін жасалып жатыр. Оның сыртында ел азаматтары әр жылғы тумалар қаражат жинап тойдың жоғары деңгейде өтуіне ат салысуда.Шаруа қожалықтары жылқы беріп, спорттық ойындарға демеушілік жасауда.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
This website uses cookies.