Жанкелдин ауданында тазалық айы басталды

 Мекемелер жаппай сенбілікке шықты

Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жариялады.

Осыған орай, 40-қа жуық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері «Таза өлке» акция аясында сенбілікке шықты. Олар өздеріне белгілеп берген көшелер мен мекеме алдарын сыпырып, қоқыстарды тазалады. Сонымен қатар, ағаштарды балақтап қиып, түптерін қопсытты. Алдағы уақытта көшет ағаштарын отырғызады

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық өңірлер сенбілікке шығып жатыр. Аудан, ауыл, ауылдық округтардың тазалығы маңызды. Себебі, қыс бойы қар астында жатқан қоқыстар көшелерде шашылып жатыр. Жыл сайын мекеме қызметкерлері мен еріктілер сенбілікке атсалысып келеді. Сондықтан жергілікті тұрғындарда өз аулаларын тазалап, үлестерін қосса екен. Енді жұма-сенбі күндері үнемі тазалық жұмыстарын қолға аламыз. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінеді. Биыл аудан орталығындағы бірқатар көшелерге асфальт жабындысы төселеді. Саябақтарды қалыпқа келтіріп, жаяу жүргіншілер жолын жасаймыз. Елдің өркендеп дамуы тазалыққа тікелей байланысты”-дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Қарапайым халық республикалық акцияға үлестерін қосса, аудан экономикасы мен әлеуетінің дамуына септіктерін тигізер еді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31