Жанкелдин ауданындағы екі елді мекеннің электржарықтары қалыпқа келтірілуде

 Жарықсыз қалған қос ауыл

Биылғы тасқын судың зардабынан бірқатар ауылдар жарықсыз қалды. Яғни, су ортасында қалған электр бағандары төтеп бере алмай жерге құлаған. Соның салдарынан аудан орталығынан шалған орналасқан Ақкөл мен А.Байтұрсынұлы ауылы күні бүгінге дейін жарықсыз отыр. гуманитарлық көмек арқылы келген движок моторын лекерлеп отырған ауыл халқы көп ұзамай электр жарығын көретін болады.

«Қарғын су мен тасқын судың салдарынан айлап жарықсыз қалған Ақкөл, Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарының тұрғындарының телебайланыс арқылы берген сауалдарына орай, Көкалат электр желісінен қосымша 82 дана ВЛ•35 жоғары кернеулі электр желісі бағаналарының бүгінге 30 данасы қойылған. Жұмысты атқарушы мердігер «ПФ Энергосервис» ЖШС, ал тапсырыс беруші «Қостанайюжэнергосервис» ЖШС. Ауыр техниканың барлық түрі қажетінше жұмысқа тартылғанын, су жатқан жерлердің бағандарын тұрғызу «Бөпе» қыстағынан бастап көтерме жол бойымен Қабырғаға дейін баратынын аудандық мәслихат депутаты Ақшығанақ Нұғыманов екеуміз жеткіздік», – дейді Жангелдин аудандық «AMANAT» партиясы филалының төрағасы Ғабит Сүндетбаев.

Мердігер атанған серіктестіктер 20 адамды жұмыспен қамтыған. Қайта жөндеу жұмыстары айдың аяғында аяқталып, ауыл халқына электр жарығын беруді жосапарлап отыр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31