Қоғам қайраткері М.Дулатұлының 140 жылдығы
Күні кеше аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халық театры» әртістері қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Е.Төлебайдың «Оян, Қазақ» спектаклін сахналады.
Көрермендердің жүрегінен жол тапқан қойылым рухты елдің еңсесін көтеріп, рухани демалыс сыйлады. Ахаң мен Жахаңның рөлін Марғұлан Қасымбек пен Батырлан Қазым сомдады.
«Бұл қойылым – қазақ тарихындағы күрделі кезеңдерді, ұлт азаттығы үшін күрескен Алаш арыстарының тағдырын көрерменге терең сезіндіру үшін сахналанған ерекше туынды. Қоюшы режиссер, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет орденінің» иегері Татьяна Рахышқызы.
Сахнаға қайта өңдеп шығарған, мәдениет үйінің режиссері Фариза Бүркітбай.Көркемдік және тарихи шындықты тоғыстыра білген қойылымда әрбір актер өз рөлін шынайы әрі жүрекке жеткізіп орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Алдағы жылы міржақып атамыздың 140 жылдығына арналған мәдени көпшілік іс – шаралардың бастауы. Мерейтойға арналған жұмыс жоспарымыз ауқымды. Халқтың көңілінен шығып, жақсы көңіл – күй сыйлаған театр әртістеріне айтар алғысым шексіз», – дейді мәдениет үйінің директоры Жанат Әлімбаева.
Бұл спектакльдің маңыздылығы орасан зор. Себебі бұл драма Міржақып Дулатұлының елін сүйген ер жүрегін, ұлт мүддесін қорғаудағы қайсарлығын, сондай-ақ оның отбасы мен замандастарының қиын тағдырын жан-жақты бейнелейді. Алаш қозғалысының идеясын сахнаға әкеліп, бүгінгі ұрпаққа ой салып, ұлттық рухты оятуға бағытталғандығын театр әртістері тілге тиек етті.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: Мейрамбек Бейсенбек
В экологическом мероприятии приняли участие организации, учреждения и предприятия всех форм собственности. (далее…)
Попасть домой к героям проекта - задача не из простых, а здесь мы замахнулись на…
Официальная дата праздника 1 февраля, но торжество телекомпания решила перенести на осень. Подготовка была большая…
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
С 16 по 23 сентября в Актобе проходят V летние игры сельских подростков. (далее…)
Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. (далее…)
This website uses cookies.