Жанкелдин ауданынның мың бұралған бишілер облыс жұртшылығын тәнті етті

«Еркеназ» би ансамблі облыстық байқауда жүлдегер атанды

Қостанай қаласында «Болашақ» облыстық хореографиялық бишілер байқауы өткен болатын. Аталмыш байқауға Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің «Еркеназ» үлгілі би ансамблі қатысып, бақ сынады.

Байқау шарты бойынша әр қатысушы би ұжымы халық би номинациясы мен заманауй би номинациясы бойынша өнер көрсетті. Кіші топ, орта топ, жоғарғы топ болып әр жас ерпекшеліктер бойынша бақ сынаған би ұжымдары тартысты өнер көрсетті. Торғайлық жерлестер жоғарғы топ бойынша қатысып, 17би ұжымдары арасынан жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Олар «Тамирис» және «Рух» билерін асқан шеберлікпен сахынада орындай отырып, қазылардың жоғарғы ұпайына ие болды.Жетекшілері Сымбат Таңатқанқызы.

«Әр байқау біздің өнерпаздарды шыңдап, жаңа сатыға көтерілуге ықпал етеді. Сахнаға шығып өнер көрсету, үлкен додада бақ сынау оған қатысудың өзі үлкен ерлік пен жауаптылық деп есептеймін. Қыздарым жарады, көрсеткен өнерлеріде көңілімнен шықты. 17 команда ішінен екінші орын алуда жаман нәтиже деп санамаймын. Алда әлі талай додалар бар, бұйыртса жеңісті күндеріміз көп болғай»,-дейді «Еркеназ» үлгілі би ансамблінің жетекшісі.

Бұл байқау жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдап, би өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды мәдени шара болды. «Еркеназ» би ансамблінің өнерпаздары би мәдениетін, сахналық шеберлікті және үйлесімді орындаушылықты жоғары деңгейде көрсете білді. Өздерінің ерекше таланты мен әсерлі би қимылдары арқылы көрермендер мен қазылар алқасының зор ықыласына бөленді. Өнер мектебінің ұжымы тәрбиеленушілерінің бұл жетістігін зор мақтанышпен атап өтіп, алдағы уақытта да жаңа белестер мен жеңістерге жететініне сенім білдіреді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Сурет : Өнер мектебінің әлеуметтік желісінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

3 дня назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

3 дня назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

3 дня назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

3 дня назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

3 дня назад

This website uses cookies.