Бұл форум екінші рет ұйымдастырылып отыр
Атырау қаласында өткен «Saraіshyq upgrade – 2024» халықаралық жастар форумына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан облыстарынан 300-ден астам жас креаторлар қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен өткен форумның басты мақсаты, креативті индустрияны қолдау және ұлттық брендті ілгерілету екен. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде инновациялық идеялар алмасуға бағытталған.
«Екі күндік форумда «Кинемотография», «Музыка», «IT және жасанды интеллект», «Маркетинг», «Театр» мен «Хореография» сында алты бағыт бойынша республикалық деңгейдегі белгілі спикерлер семинар өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер қатарында продюсер, «Oyu» музыкалық жобасының және танымал «Oyu Fest» жастар фестивалінің негізін қалаушы Еркебұлан Күрішбаев, кинорежиссер, сценарист, продюсер Әлішер Утев, маркетолог Расул Абдулла, Forbes журналының «30-ға дейінгі 30» тізіміне енген, Ninety One тобының хореографы Асия Айешова және т.б. бар. Жас креаторлар алған білімдері мен дағдыларын форум барысында жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар жариялаған челлендж шарты бойынша қатысушылар өз қызметтері мен тауарларын монетизациялады», – дейді Фариза Бүркітбай.
Халықаралық жастар форумының қорытындысы бойынша аудандық мәдениет үйінің жанындағы халық театрының режиссері Фариза Бүркітбай жеңімпаз атанып, 300 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
This website uses cookies.