Жанкелдин ауданының өнерпаздары марапатталды

 Мереке күні Министрдің алғыс хатын алды

Облыс орталығында “Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні” мерекесі аталып өтті.

Айтулы іс шараға Жангелдин ауданының өнерпаздары қатысып, салтанатты түрде марпатталды. Мәдениет және ақпарат Министрінің алғыс хатымен және құрмет грамотасымен Алмас Сейілхан, Алмас Нұрлан наградталды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхамедқалиев арнайы табыстады.

“Мәдениет саласы оның ішінде өнер додасы өте ауыр жол. Бірақ, біз осы жолды таңдағанымызға өкінбейміз. Торғай жерінің киелі өнерін насихаттап, кейінгі өнерлі өрендерге дәріптеу жолында тынымсыз жұмыс істеуге дайынбыз. Еңбегімізді елеп, ескеріп, министрліктің марапатына ұсынған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет үйіне айтар алғысым шексіз. Марапатталған барлық әріптестерімді құттықтаймын”,-дейді Алмас Нұрланұлы.

Министрдің марапатына ие болған қос азамат нағыз өнер майталмандары. Қазақтың кез келген ұлттық аспаптарында еркін ойнайды. Сонымен қатар, халық театрының белді әртістері. Бүгінгі күні өнерлі шәкірттерді тәрбиелеп отырған марапат иелері ауданымыздың мақтаныштары.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31