Жерлестеріміз жеңіске жетті
Биыл отыз сегізінші рет өтіп отырған облыстық спартакиада Денисов ауданында өтті.
Бұл жолғы байрақты бәсеке ерекше форматта ұйымдастырылған. Мерекелік шеру барысында ұлттық спортымыздың дамуына үлес қосып жүрген спортшылардың есімдері ерекше аталды. Бұл сәт байрағымызды көтеріп жүрген спортшыларға рух берді. Біздің жерлестеріміздің бұл дода да бәсі басым болды. Жерлесіміз Бекзат Жақсылық бозкілемде белдесіп, қарсыластарын қамыстай сұлатты. Ақтық бәсекеде қостанайлық, ьәжірибелі балуан Талғат Жиентаевты таза жеңіспен ұтып, « түйе балуан» атанды.
«Жекпе-жектің алғашқы сәттерінде Талғаттың ұпайы жоғары болды. Бірақ, Бекзат соңғы шешуші минуттарда өзінің әдісін сәтті пайдаланып, айқын басымдылықпен жеңді. Жалпы жерлестеріміздің барлығы спартакиадаға жақсы дайныдықпен барды. Жылдағыдан жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бірда бақ, бірде бап шабатын спорттық ойындарды жақсы көрсеткішпен оралдық», – дейі аудандық спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов.
Сонымен қатар, аударыспақтан 62 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз Асылан Базарбай 2 орынды иеленді. «Көкпар» ойының жалпы қорытындысы бойынша «Торғай» командасы екінші орынға табан тіреді. Елге олжалы оралған жерлестеріміз аудан мақтаныштарына айналды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
This website uses cookies.