Қостанай облысы, Заречный ауылында “Тобол-Торғай тұңғыштардың мекені” атты облыстық оқушылар айтысы өтті.
Жыр бәйгесіне 12 жас ақын қатысып, Қостанай өңірін жырға бөледі. Тобол-Торғай өңірінен шыққан тұлғаларды жырларына арқау етіп, көрермендердің көзайымына айналды.
Ақтық сайысқа жолдама алған алты ақын суырып- салмалық өнерлерімен көпшілікті тәнті қылып, зор қошеметке ие болды. Қазылар алқасының шешімімен торғайлық ақын Таңжарық Ниязбек бас жүлдені жеңіп алды.(100 мың теңге) Арқалық қаласынан келген жас ақын Нұрболат Айбол бірінші орынды иеленді.(80 мың) Екінші орын Ақжол Жанатың еншісіне бұйырды.(60 мың) Үшінші орынды Инабат Нағашыбай және Айару Берік теңдей бөлісті.(40 мың) Арнайы жүлдеге Индира Көбей ие болды.(30 мың) Қалған алты ақын қатысқандары үшін 20 мың теңгемен және алғыс хаттармен марапатталды.
“Бүгін ерекше жыр кешінің куәсі болдық. Талантты жас ақындар көші бой түзеді. Тобол- Торғай өңірі өнерден кенде емес. Дарынды жас ақындар әлі талай биік белестерді бағындыратын болады”,-деді облыстық шығармашылық орталығының басшысы Дәмір Қалқаев.
Көрермендер жас ақындармен естелік суретке түсіп, жақсы көңіл күмен тарқасты.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды…
В Жаңару күні – шестой день общенациональной декады Наурызнама школьники Амангельдинской ОШ провели встречу единомышленников…
Первые взрывы выполнены на реке Карасу в районе села Карасу. (далее…)
Мероприятие прошло в рамках Наурызнама и стало настоящим праздником красоты, традиций и женственности, объединив талантливых…
Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)
ДК важно сохранить, ведь они способны вдохнуть жизнь в населенные пункты. Об этом пишет "ТоболИНфо"…
This website uses cookies.