Облыс мақтанашы Наргиз
Қырғыстан мемлекетінде өткен тоғызқұмалақтан халықаралық турнирде Бақыт Наргиз Дәуренқызы үшінші орынды иеленіп, елге жеңіспен оралды. Бұл жетістік ауданымыз және облысымыз үшін үлкен жетістік.
Наргиз Дәуренқызы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5сынып оқушысы. 2сыныптан бері балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып келеді. Тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы, тынымсыз дайындығының нәтижесінде талай додаларды бағындырып, тоғызқұмалақтан спорт шеберіне үміткер. Болашағынан зор үміт күттіретін Наргиз облысымыздың бірнеше дүркін жеңімпазы. Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының үш дүркін чемпионы. 11 жасар спортшының үш жыл ішінде жеткен жеңістері ауыз толтырып айтарлықтай.
«Тоғызқұмалақ ойыны ауданда жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Қызығушылық танытып жүреген жасөспірімдер саныда артып келеді. Қандай жарыс болмасын оқушыларым жүлделі орын алып, үмітімді ақтап келдеі. Қажырлы еңбек, тындай дайындықтың арқасында үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Қырғыстан мемлекетінде өткен байрақты бәсекеге әр елдің спортшылары бақ сынады. Ауданнан үш оқушы алып барған болатынмын. Наргиз қарсыластарына дес берми, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Ауданның, облыстың мәртебесін асқақтатып келді деп айтуға болады. Бұл жарыс бір жағынан оқушылар үшін үлкен тәжірбие болды, алдағы уақытта әліде көптеген жарыстарда жеңімпаз атанатындарына сенімім мол»-дейді, жаттықтырушысы Қайрат Айтмағанбетов.
Еліміздің болашақ чемпиондарын үлкен байрақты бәсекелерге дайындап жүрген жетекшісі Қайрат Айтбмағанбетовтың еңбегін ерекше атап өту керек. Тоғызқұмалақ ойыны жалпы, әр бір баланың ойлау қабілетін, математикаға жүйріктігін арттыратын ойын түрі. Аталмыш спорт түрін жандарына серік еткен спортшыларға толағай табыстар тілейміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген: автор
На въезде в районный центр ведется строительство 18 новых двухквартирных жилых домов общей площадью 2…
В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…
Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)
В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…
О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…
Денисов ауданындағы Арыстансор темір жол станциясында таң алакеуімнен жұмыс қыза түседі. (далее…)
This website uses cookies.