Жанкелдинде 12 мың астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бірыңғай жер кадастрлық жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

2026 жылға арналған мемлекеттік саясатта жер қатынастарын цифрландыру, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және оларды заңсыз иеліктен шығаруды тоқтату басты назарда. Жолдаулар аясында жер қорының ашықтығын қамтамасыз ету, жайылымдарды реттеу және жерді пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

2026 жылғы жер саласындағы негізгі бағыттар қатарында жер учаскелерін беру процесін толық электронды форматқа көшіру, бірыңғай жер кадастрлық жүйесін жетілдіру, жайылым тапшылығын жою және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, сондай-ақ жер телімдерін алудың ашық карталарын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту көзделген.

Осы бағытта Жангелдин ауданында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы жоспарланған 15 000 гектардың орнына 28 105 гектар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 187 пайызға орындалды. Оның ішінде 27 227,6 гектары жайылымдық жерлер.
Ал 2026 жылы ауданға 5 000 гектар жерді қайтару жоспары бекітілген болатын. Қазіргі таңда 12 900 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 258 пайызға орындалды. Оның 11 674,5 гектары жайылымдық жерлер.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жайылым тапшылығы да азаюда. 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша тапшылық 12 982,2 гектарды құраса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 11 017,4 гектарға дейін төмендеді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында конкурстар ұйымдастырылуда. Былтыр өткізілген конкурсқа жалпы алаңы 46 700 гектар болатын 7 лот қойылды. Оның 28 778 гектары қайтарылған жерлер есебінен болды.

2026 жылы да бұл жұмыстар жалғасып, қайтарылған жерлерден 13 000 гектар жер телімін қамтитын, жалпы көлемі 19 000 гектар болатын 7 лот конкурсқа шығарылмақ. Қазіргі уақытта конкурсқа қажетті жер учаскелерінің жобалары әзірленуде.
Сонымен қатар, жер учаскелерін беру ашық аукциондар арқылы жүзеге асырылуда. 2025 жылы www.gosreestr.kz порталы арқылы жалпы көлемі 2,8768 гектар болатын 9 жер учаскесі жалға беріліп, бюджетке 832 837 теңге қаражат түсті.

Ал 2026 жылы 26 наурызда өткен аукцион нәтижесінде 0,0200 гектар жер учаскесі 7 260 теңгеге жалға берілді. Алдағы уақытта да аукциондар жалғасатын болады. Мәселен, 14 сәуір күні Ақшығанақ ауылдық округіне қарасты Түйемойнақ ауылында көлемі 5 гектар жер телімі бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру мәселесі де заң аясында жүзеге асырылуда. Әр азаматқа 0,10 гектар жер телімі тегін беріледі. Қазіргі таңда Жангелдин ауданында бұл бағытта кезек жоқ. 2025 жылы 4 азаматқа, ал 2026 жылы бір азаматқа жер телімі берілді.
Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашевтің айтуынша, жер қатынастары саласындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

«Жер – халықтың ортақ игілігі. Сондықтан оны тиімді пайдалану, заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару – басты міндеттердің бірі. Қайтарылған жайылымдық жерлер ең алдымен ауыл тұрғындарының қажетіне бағытталады. Біз бұл бағыттағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстап, ашықтықты қамтамасыз етуге ерекше мән береміз», – деді аудан әкімі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет аудан әкімдігінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Таным жолы – Торғайдан»

Облыстық патриоттық байқауы өтеді. Жоба «Synergy» ғылыми-білім орталығы» қоғамдық қоры тарапынан Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық…

24 минуты назад

Тарихи мұрамыздың шырақшысы

Торғай музейлерінің кешенінің басшысы Гүлбану Сәрсекеймен сұқбат. (далее…)

4 часа назад

Контроль за состоянием тепловых сетей в Костанае будет усилен

Об этом доложил аким Костаная Марат Жундубаев на совещании по вопроосам теплоснабжения. (далее…)

4 часа назад

Итоги зимы: количество повреждений тепловых сетей по области снижено в 6 раз

Такие данные привел аким области на совещании по вопросам прохождения отопительного сезона в регионе. (далее…)

4 часа назад

В Костанае огласили приговор по резонансному «мясному» делу

Основным фигурантам дали реальные большие сроки, некоторым крестьянам — условные. Об этом пишет ТоболИнфо. (далее…)

23 часа назад

Депутаты Костанайского облмаслихата выступили против приватизации детской стоматологии

Два объекта — КГП «Костанайская областная детская стоматологическая поликлиника» и КГП «Костанайюжэлектросервис» в г. Аркалыке…

1 день назад

This website uses cookies.