Жанкелдинде егін себу науқанына әзірлік басталды

Биыл 44 488 гектарға алқапқа дән себіледі.

Жанкелдин ауданында көктемгі егін себу науқанына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2024-2028 жылдар аралығында екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан бойынша нақты міндеттер айқындалып, жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев атап өткендей, биыл егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда артып отыр. Мәселен, 2025 жылы 43 488 гектар жерге егін егілсе, 2026 жылы 20 шаруа қожалығы мен 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік 44 488 гектар алқапқа дән себуді жоспарлап отыр. Бұл – 2,2 пайыздық өсім.
Егіс құрылымында дәнді және майлы дақылдарға басымдық берілген. Атап айтқанда, 26 755 гектарға бидай, 3 190 гектарға арпа, 14 029 гектарға майлы дақылдар және 1 000 гектарға біржылдық шөптер егіледі. Сонымен қатар, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында 120 гектарға картоп, 10 гектарға көкөніс, 25 гектарға бақша дақылдарын егу жоспарланған.
Көктемгі науқанға қажетті тұқым қоры толықтай дайын. Жалпы көлемі 2 500 тоннаны құрайтын тұқымдық материалдың басым бөлігі – бидай. Барлық тұқым сапасы мен өнгіштігі бойынша зертханалық тексеруден өткен. Сорт жаңарту бағытында да жұмыстар жүргізіліп, шаруашылықтар тарапынан элиталық тұқымдар сатып алынуда.
«Қыс мезгілінде 7 мың гектар алқапта қар тоқтату жұмыстары толық орындалды. Бұл көктемгі ылғал қорын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алдағы уақытта 20 мың гектар жерге ылғал жабу және 10 мың гектар алқапта арамшөптерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі», – дейді Дінмұханбет Бидашев.
Мамандардың ұсынысына сәйкес, өңірде егін себудің оңтайлы мерзімі 15 мамыр мен 1 маусым аралығы болып белгіленген. Осы мерзімде барлық шаруашылықтардың жұмысты үйлесімді ұйымдастыруы маңызды.
Егін науқанына қажетті жанар-жағармай мәселесі де назардан тыс қалмады. Биыл ауданға 855 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, оның бір литрі 281 теңге болып бекітілді. Қазіргі таңда шаруашылықтармен келісімшарттар жасалып, отынды жеткізу жұмыстары сәуір айында басталды.
Сонымен қатар, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында үш шаруашылық 112 миллион теңге көлемінде несие алуға өтінім беріп, көктемгі дала жұмыстарына қажетті қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге ниетті.
Ауыл шаруашылығы техникалары да толықтай дайындық кезеңінен өтуде. Егін себу жұмыстарына 18 К-700 және 2 «Алтай» тракторы, 100 тұқым сепкіш және 30 борондар қатысады.
Жалпы алғанда, Жанкелдин ауданында көктемгі егін себу науқанына дайындық жоғары деңгейде жүргізілуде. Алдағы басты міндет – барлық ресурстарды тиімді пайдаланып, науқанды белгіленген мерзімде әрі сапалы өткізу.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Караван правовой помощи»: специалисты ответили на вопросы жителей Аулиекольского района

В Костанайской области продолжаются выезды «Каравана правовой помощи» в рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон…

14 часов назад

Индустриальная зона города Костаная будет расширена почти на 200 гектаров

О том, что сделано в городах и районах Костанайской области, рассказал Кумар Аксакалов. (далее…)

16 часов назад

Более 100 лидеров школьного самоуправления Костанайской области приняли участие в форуме

Сегодня, 20 октября, в Заречной школе №1 было необычно многолюдно и очень празднично. (далее…)

17 часов назад

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

2 дня назад

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня назад

В Аулиекольском районе перевыполнен план по занятости населения

Карьерный центр подвел итоги работы и обозначил задачи на следующий год. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.