14 жылдан кейінгі жетістік
Жуырда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Өнер адамдарының бас қосуында облыс өңірінің мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген өнер майталмандары жоғары дәрежелі атақтармен наградталды. Өлшеусіз еңбек қосып жүрген өнер адамдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, Құрмет грамотасын және Алғыс хатын, облыс әкімінің Құрмет грамоталарын иеленді. Аймақ басшысы салтанатты түрде табыстап, тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ХХХVII облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау – фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады.
Ауданымыздың көркемөнерпаздарының бәсі басым болып, аталмыш байқаудың 3 орын иегері атанды. 1 млн теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Бұл біздің аудан үшін көптен күткен қуаныш еді. Араға 14 жыл уақыт салып, өнердің биік шыңын бағындырған өнерпаздардың төбесі көкке үш елі ғана жетпей қалды. Әр жыл сайын жаңашылдықты, ізденісті талап ететін фестивалдің ережесіне сай өнер көрсете алмай келгенбіз бе деген ой келеді. Ол кезде аудан әкімдігінің тарапынан қолдау болмады десек, көзбе – көз өтірік айтқандығымыз болар. Қолдауда болды, ізденісте болды. Бір ғана кем бір дүние, жаңашылдықты заман талабына бағыттай алмағандығымыздан болды ма деген күдік бар. Ақиқаты да осы шығар. Жасыратыны жоқ жеңіске жетуге Б.Хамзин атындағы өнер мектебі мен «Dan – As» үйірмесінің ықпалы зор болды. Сондай – ақ, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызының «Ауыл және Мәдениет» жобасының да септігі тиді. Бұл аталған жоба облыстық фестивалға дейін түсінген адамға «Шеберлік сағаты» сияқты өтті. Осы арқылы өнер адамдары ізденіске бет бұрып, бойларындағы өнерлерін шыңдады. Жанар Шалабайдың авторлық жобасы биыл да өз жалғасын табады. Келер жылы облыстық өнер байқауында бірінші орынның тұғырынан көрінеміз деген сенім бар. Лайым жылда солай болғай…
Талабын ұштап, талантты бағалай білсек, әлі талай біздің өнерпаздар биік белестерді бағындырып, өнер додаларында топ жаратын болады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…
Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)
Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…
This website uses cookies.