Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

 Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.

Әсіресе ауыл тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болғандықтан ветеринария саласы – ауыл өмірінің айнасы, елдің ертеңі үшін аса маңызды буын. Ауыл тіршілігінің негізгі тірегі – мал шаруашылығы. Сондықтан төрт түліктің саулығын қамтамасыз ететін ветеринариялық қызметтің маңызы ерекше. Осы салада «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы арқылы туған жерге оралып, адал еңбек етіп жүрген жастардың бірі – Ақкөл ауылының тумасы, ветеринариялық фельдшер Сұңқар Қайрат.

Сұңқар Қайрат 2003 жылдың 28 мамырында Жангелдин ауданына қарасты Ақкөл ауылында дүниеге келген. 2009-2020 жылдар аралығында Ақкөл ауылындағы Аңсаған Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектепте оқып, білімді жақсы үлгеріммен аяқта-ды. Ауыл өмірін, мал шаруашылығының қыр-сырын ерте таныған жас талапкер болашақ мамандығын да осы саламен байланыстырды.

2020-2025 жылдары Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қоста-най өңірлік университетінде білім алып, оқуын қызыл дипломмен тәмамдады. Универси-тет қабырғасында жүріп ветеринария саласының теориялық және практикалық негіздерін терең меңгерді.

Оқуын аяқтағаннан кейін Сұңқар Қайрат «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағ-дарламасы аясында туған Ақкөл ауылына жолдама алып, ветеринариялық фельдшер ре-тінде еңбек жолын бастады. Бағдарлама шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдауларды пайдаланып, тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиеге қол жет-кізді.

Бүгінде жас маман ауылдағы ірі қара, ұсақ мал және жылқы түлігінің саулығын ба-қылап, алдын алу шараларын жүргізумен айналысады. Ақкөл ауылында мал басы едәуір: ірі қара мен ұсақ мал шамамен үш мыңға жуық, ал жылқы саны мың бастан асады. Осындай жағдайда ветеринариялық қызметтің жауапкершілігі де жоғары.

– Ауыл халқының тұрмысы тікелей мал шаруашылығымен байланысты. Сондықтан әрбір екпе, әрбір тексеріс үлкен маңызға ие. Өз жұмысыма жауапкершілікпен қарауға тырысамын, – дейді ветеринариялық фельдшер.

Негізгі қызметімен қатар Сұңқар Қайрат жеке шаруашылықпен де айналысады. Бұл оның ауыл тұрғындарының жағдайын жақсы түсінуіне және кәсіби тәжірибесін артты-руына ықпал етуде. Ол жұмыстағы тәлімгерлері мен әріптестерінің қолдауын ерекше атап өтеді.

Алдағы мақсаты – біліктілігін арттырып, ветеринария саласында кәсіби тұрғыда өсу, сондай-ақ туған ауылының дамуына өз үлесін қосу.

Сұңқар Қайраттың еңбек жолы – ауылға бет бұрған жас мамандарға үлгі. «Дип-ломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы елге қызмет етіп жатқан осындай білімді жастар ауыл болашағының берік негізі екені сөзсіз.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8