Жанкелдин ауданындағы егін және мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруалар алаңдаулы

Зиянкестер шығынға ұшыратады

Өткен аптада ауыл, ауылдық округтердегі тұрғындары «Зиянкес қара шегірткелер қаптап кетті» деп дабыл қақты.

Шегірткелердің мәселесі оңтайлы шешілетін күнде алыс емес. Себебі, қазіргі уақытта ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» РММ ШЖ мекемесінің мамандары үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бастап кетті. Бір мезетте барлық ауыл, ауылдық округтерге қарасты жерлерге химиялық өңдеу жасау мүмкін емес екенін жақсы білеміз. Оларда жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Зиянкестердің көп шоғырланған жерлерін анықтап, сол жерлерге өңдеу жасайды. Бірақ, әлеуметтік желі арқылы айтқан ауыл халқының көзқарасы мен ой – пікірі басқа.

«Ақшығанақ, Шеген, Тосын елді мекендеріндегі жерлерде аяқ алып жүре алмайсың. Қара шегіртке қаптап кетті. Жылдағыдан көп. Торғай аймағы қуаншылық болатын өңірлердің қатарында. Алдағы қыс айы қалай болады. Мына зиянкестер шөптің бәрін жоқ қылады. Қысқы мал азығын қалай шауып аламыз деген уайым басым. Шегірткелерге қарсы жұмыс жасау мәселесі неге кешігіп жатыр. Осыдан 20 күн бұрын бастау керек еді ғой. Ол жерлерде қара шегіртке көрінбейді деген сылтау айтады мамандар. Алыстан қарасаңыздар жер бетіне май жағып қойғандай көрініп тұрады. Олардың ұшатын кезін күтеміз дейді. Қанаттанған шегіртке бой бермей кетсе не істейді. Жердің құмын шығарып жатыр. Құмырсқаның иелеуіндей. Торғай өңірі дабыл қағып, жергілікті билік өкілдері республикалық құзырлы орындарға уақытылы халықтың талабын жеткізу керек. «Жау кеткен соң балтаңды тасқа шаппа» деп отырмайық», – дейді Аққошқар Қыстаубаев.

Біздің аудан төңірегінде зиянкестермен күрес жұмыстары 13 мамырда басталды. Жергілікті мамандар қолдарынан келгенше химиялық өңдеу жасап, күш жұмылдыруда. Олардың да сөзіне сүйенсек, бой беретін түрі жоқ. Күн сайыын белең алып, жербетін жайлап жатыр. Жуық арада облыс орталығынан арнайы мамандар келіп, қосымша техникалар жұмылдырылады деп күтілуде. Көп ұзамай зиянкестерден құтылуымыз ықтимал.

«Үйірлі шегіртке қарсы жұмыстар кезең – кезеңімен жүріп жатыр.қазіргі таңда 6 дрон, екі жер үсті бүріккіш, екі дельтаплан жұмылдырылды.

Аудандағы жер көлемі үлкен. Сол себепті үлгірмей жатырмыз. Үйірлі шегірткелердің топтасқан аймағын көрсеңіздер бізге хабарласыңыздар. Жер білетін адамдар болса, бізбен бірге жүрулеріне болады. Оның сыртында еріктілер болса, еш қарсылығымз жоқ. Тағы да қосмыша техникалар келеді», – дейді аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ерболат Зарыпбаев.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

С начала года на территории Мендыкаринского района было допущено 350 правонарушений

- Сотрудники полиции несут службу в штатном режиме, но, несмотря на это, жители региона все…

17 часов назад

Денисов ауданында пробация есебінде тұрғандар жұмыспен қамтылуда

Денисов ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. (далее…)

19 часов назад

Жительницам Мендыкаринского района Ольге Ивановой и Наталье Сатаевой вручили почетные знаки «Күміс алқа»

Многодетные мамы получили награды за самоотверженность и любовь к детям, заслужив особое признание. (далее…)

19 часов назад

Волонтёры Молодёжного ресурсного центра оказали помощь пенсионеру, проживающему на территории поселка Сарыколь

В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…

19 часов назад

Камыстинские спасатели вызволили автомобиль из снежного заноса

26 января ранним утром легковой автомобиль Toyota Celica застрял в снегу на 29-м километре дороги…

19 часов назад

Патша әскеріне тиесілі пулемет Торғай музейінде сақтаулы

Біз оқырман назарына Торғай мұражайлар кешенінен табылған құнды жәдігердің тарихын ұсынуды жөн көрдік. (далее…)

22 часа назад

This website uses cookies.