Ұзынкөл ауданында Республикалық байқауға 111 оқушы қатысты
6-10 сынып білім алушылары арасында «Оқырман мектебі» жобасының аудандық кезеңі өтті.
Осы бастама аясындағы жарқын оқиғалардың бірі өскелең ұрпақтың назарын әдебиет әлеміне аударған «Оқырман мектебі» жобасы болды. Бұл жобаның кітап оқуды насихаттауға, сыни ойлауды дамытуға және кітаптың білім мен шабыт көзі ретіндегі рөлі өте маңызды болды.
Үстіміздегі жылдың 14 сәүірде Аудандық мәдениет үйінде Ұзынкөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Қазбек Уразбаев пен Ұзынкөл ауданының білім бөлімі бастығы Сәуле Айтпаеваның қатысуымен үлкен аудандық іс шараның салтанатты тұсаукесерімен басталған байқау, өз жалғасын № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін, Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектептері мен Аудандық балалар шығармашылық үйі қабырғаларында тапты.
«Оқырман мектебі» байқауының аудандық кезеңіне 6-шы сыныптан 10-шы сыныпқа дейінгі аралықта мектептік кезеңінде жүлделі орын иеленген ауданның барлық дерлік мектептерінен келген111 оқушы қатысты. Байқау үш оқушыдан құралған сыныптық командалар қатысты. Қазақ лигасында Кәмшат Дөненбаева және Федоров ЖББМ оқушыларынан құралған 6 команда жарысқа түсті, ал Орыс лигасына 29 команда қатысты. Байқау интеллектуалды квиз түрінде өтті. Квиз 45 сұрақтан құралды, олардың әрқайсысына дұрыс жауапты таңдауға бір минуттан аз уақыт берілді. Барлық қатысушылар өте жақсы білім мен өнерлерін көрсетті, дегенмен де, жүйрікті жүйрік озар дегендей, жеңімпаз аталуға тек саналған командалар жете алды.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақ лигасында Кәмшат Дөненбаева ЖББМ 6,7,8,9,10сынып командалары І орынға қол жеткізді. Ал Орыс лигасының командалары арасындағы параллельдерге сәйкес бірінші орындарға ие болды: 6 сынып командалары арасында №1 Ұзынкөл ЖББМ, 7 сыныптар арасында Белоглин НОМ командасы, 8 сыныптар арасында №1 Ұзынкөл ЖББМ командасы, 9 сыныптар арасында Троебратск ЖББМ командасы, 10 сыныптар арасында Троебратск ЖББМ командасы. Жарстың аудандық кезеңіне қатысқан барлық оқушылар сертификаттар иеленді, ал жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Байқау ұйымдастырушылары осы тәріздес іс шаралардың оқушылардың ой өрісін, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына үлесі зор болатынын атап өтті. Енді бірінші орын иеленген командалар аудан намысын облыстық кезеңде сәйуірдің 20-да аудан намысын қорғайтын болады. Ендеше оларға іске сәт, жеңіспен оралуға тілектес болайық, ағайын.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА,
фотосуреттер Дания СЕЙДАХМЕТОВА мен Айнагуль ЖАКАНТАЕВАНІКІ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31