Ұзынкөл ауданы Ершов аулында спорт дамуына жаңа екпін беретін спортзал ашылды

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы зор екенін ерекше атап өтеді.

Осыған орай ауыл жастарының спортпен айналысуға ауданымызды қолайлы жағдай жасалуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын Спорттық кешен ашылса, өткен қыста Мұз айдыны іске қосылды. Бұл аудан орталығында спорттық жарыстарды өткізіп, жалпы тұрғындардың салауаттануына жақсы нәтижесі болды.

Енді, міне, Тәуелсіздігіміздің қарсаңында тағы бір қуанышты іс атқарылды. Кеше Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Жұрқабаевтың қатысуымен Ершов ауылдық округінде жаңа спорттық зал ашылды. Бұған дейін Ершов жастары кішкентай мектеп спортзалында машықтанса, енді арнайы залда, замануи спорттық құралдармен жабдықталған нысанда спортпен айналысуға мүмкіндік алды.

Спорттық нысанның нақты Ершов елді мекенінде ашылуы өзіндік себебі болды дерлік. Соңғы бес-он жылдарда гір көтеру бойынша, мылтықтан ату, тағы басқа спорт түрлерінен осы жердің жастары жоғары нәтижелерге жетіп келеді. Енді спорттың одан әрі дамуына мол ықпал жасалды.

– Спорт – денсаулықтың кепілі ғана емес, ол адамды тәртіпке, табандылыққа, мақсатқа ұмтылуға тәрбиелейді, – деді Марат Кенжебекұлы спортзалының салтанатты ашылу рәсімінде. – Осы орайда, ауылдың әлеуметтік дамуына қолдау көрсетіп, ел игілігі үшін осындай маңызды жобаны жүзеге асырып отырған «Ершовское-2» ЖШС директоры Сабит Ағайдаровқа алғысымды білдіремін. Сабит Садықұлы ауылды дамытуға қосып жүрген үлесін ерекше атап өткім келеді. Ол ауылды абаттандыруға, жаңа үйлер салуға, жастарды қолдауға және спортты дамытуға тұрақты түрде көңіл бөліп келеді. Мұндай бастамалар – туған ауылдың болашағына деген жанашырлық пен елге деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

Спорттық кешеннің салынуын қолына алған «Ершовское-2» ЖШС болды. Серіктестік ауыл өмірін жақсартуға бағытталған бірнеше игі істер атқарып келеді.  Солардың ішінде ашық спорт алаңының салынып, ауыл ортасында демалыс саябағы абаттандырылды. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлеріне арнап 12 жаңа үй бой көтерді. Енді осы игі бастамалардың қатарына жаңа спортзал да қосылды.

– Біздің ойымызша ауыл тұрғындары үшін тек жұмыс орындарын ашу – ол жеткіліксіз болады, – деді өз сөзінде Олжас Агайдаров, «Ершовское-2» ЖШС директорының орынбасары. – Жұртшылыққа сапалы өмір сүру мүмкіндігі де қадет – жақсы баспанасы, балалары мен бірге бара алатын демалыс және спорттық орындар. Жағдайымыз келгенше біз осы мәселелерді шешуге қатысып жатырмыз. Сол себепті біз жай ғана спортзал емес, бүкіл отбасымен келіп, спортпен айналыса алатындай, болашақ ұрпақтарға да сақтала алатындай заманауи спорттық нысанын салуды ойластырдық.

Жас серіктестік басшысының ойы орындалғанына салтанатты ашылуға қатысқан аудан басшылары, ауыл тұрғындары, жас спортшылар мен жаттықтырушылардың да көздері әбден жетті.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА,

Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Боровчанин Артем Харченко стал обладателем уникальной «шестерки» с 40 летним пробегом

Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…

5 часов назад

Суд в Костанае встал на сторону журналиста Стаса Киселева

Дело об административном правонарушении в отношении него прекратили, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

6 часов назад

«Какую профессию выбрать?»: в Костанайском районе школьники встретились с представительницей культуры

В рамках проекта «Связь поколений» Райхан Арыстанова рассказала ученикам о своем профессиональном пути и важности…

7 часов назад

Арқалықтағы оңалту орталығы Жангелдин балаларына да қызмет көрсетеді

Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)

7 часов назад

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

7 часов назад

В Аулиекольском районе у сестер одна работа на двоих

9 октября отмечают День почты – рассказываем об Аксане и Марине, которые стали не только…

11 часов назад

This website uses cookies.