Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті.

«Ұзынкөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру» жобасы аясында «Жанашыр бол» қоғамдық қорының заңгері Жасгүл Тоғжанова жобаның негізгі міндеті өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға қоғамдағы толыққанды өмірге қайта оралуына жәрдемдесу екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта ол жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістерге тоқталып, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға тегін заң кеңестерін ұсынды.

Жасгүл Тоғжанова әрбір қазақстандыққа Конституциядағы алдағы өзгерістер азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайту үшін жаңа перспективалар ашатынын жеткізу маңызды екенін атап өтті. Ұсынылған түзетулердің мәнін, олардың әр азаматтың өміріне әсерін түсіну адамдарға референдумда саналы таңдау жасауға мүмкіндік берді. Осы бағыттағы ағартушылық жұмыс белсенді және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін стратегиялық маңызға ие болды. Себебі, 1995 жылғы Конституция мәтінінің 80 % – дан астамы, оның ішінде баптардың құрылымы, билік тәртібі және мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері өзгерке ұшырады. Іс жүзінде бірнеше түзетулер емес, жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституция қолданысқа 2026 жылдың 1 шілденісінен енгізіледі.

Түсіндіру жұмыстарынан басқа, жоғарыда айтқанымыздай, пробация бақылауындағы адамдар көбінесе заң көмегіне жүгінеді. Консультациялардың едәуір бөлігі мерзімі өткен несиелік берешектерге қатысты болады, азаматтардың борыштары кейде екі-үштен тұрады, бұл қарыздарды өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізуді қозғауға әкеледі. Мұндай жағдайларда сот орындаушылары банктік шоттарға тыйым салады және рұқсат етілген 50% орнына барлық жалақыны негізсіз ұстайды, бұл олардың құқықтарын бұзу болып табылады. Бұл жолы да ерекшелік болған жоқ және пробация бақылауындағы азаматтар «Жанашыр бол» қоғамдық қорының заңгеріне осындай мәселелер бойынша жүгінді.


Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

18 часов назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

18 часов назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

19 часов назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

19 часов назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

19 часов назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

19 часов назад

This website uses cookies.