Жиынға аудан, мекеме бөлім басшылары, қызметкерлер, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты
Жиын барысы ұлттық күйлердің орындалуымен мәдениет үйінде аудандық мекемелерден, мектептерден, ұйымдардан жиналған көпшіліктің көңіл күйлеріне мерекелік сипат беріп, басталуында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалуымен ашылып, құттықтау сөз аудан әкімі Мұрат Сандыбаевқа берілді. Аудан басшысы Елбасының халықаралық дәрежедегі беделі, жоғарғы лауазымды қызметіндегі тұлғасы жайлы кеңінен айтып, еліміздің қазіргі уақыттағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының жаңа экономикалық саясаттың маңызды стратегиясына назар аударды.
Сонан соң аймақ басшысы ауданға еңбегі сіңген Ұзынкөл ауданының «Орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары Валентина Андрейчукке, аудандық статистика басқармасының санақ жүйесінің маманы Виктория Литвиненко, ветеринариялық станцияның бас есепшісі Ольга Девиченко, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айгерим Есимова, Жастар ресурстық орталығының еріктісі Максим Лобковский, аудандық жұмыспен қамту орталығы қызметкері Наталья Чередниченко, аудандық Пошта торабының байланыс операторы Сауле Абильтаева, Троебрат селосының медициналық пуктінің медбикесі Ирина Никитина, Троебрат селосының дәріхана амбулаториясының медбикесі Татьяна Музурантова, Пресногорьков селосының амбулаториялық дәріхананың медицина қызметкері Татьяна Козлова, «Алтын Бидай Узунколь» ЖШС-нің директоры Марат Умербаев, Федоров ауылдық округінің ауылдық кітапхана қызметкері Галина Терещенколарға аудан әкімінің мақтау қағазымен марапатталды.
Мәдениет үйінің қызметкерлері Асылбек Кабдуалиев, Кабидолла Абжатов, Малика Мукеновалар қазақ елі туралы патриоттық әндерін шырқады
Көтеріңкі көңіл күйді қалыптастырған салтанатты жиын есте қаларлықтай жоғары деңгейде өтті.
Султанбек КОЖАНОВ
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.