Денисов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталды

Денисов ауданында еңбек жасағының биылғы маусымында 73 жас еңбек етті.  Олар саябақтар мен қоғамдық орындар аумағын тазартып, қоқыс жинап, арап шөп жұлып, жасыл желекті күтіп-баптаумен айналысты. Аумақты көгалдандыру және абаттандыру ісімен шұғылданды.

«Жасыл ел» жасағының жазғы маусымда атқарған жұмысы туралы жуырда Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаевтың төрағалығымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Басқосуда «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Татьяна Алпысбаева баяндама жасап, «Жасыл ел» жобасының 2025 жылы жүзеге асуына тоқталды.

–  Еңбек жасағына 14 пен 25 жас аралығындағы қыз-жігіттер қабылданды. Негізгі қатысушылар қатарын 14 пен 18-дегі жасөспірімдер мен жастар құрады. Ең аз қатысушылар 18-25 жас аралығындағы азаматтарды қамтыды. Біздің жастар үшін «Жасыл ел» еңбек жасағы жазғы мезгілде табыс табудың таптырмас мүмкіндігіне айналды. «Жауынгерлер» алғашқы еңбек тәжірибелерін жинақтап, туған өлкемізді дамытуға өз үлестерін қосты,-деді «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Алпысбаева.

Жобаны жүзеге асыруға 10 ауылдық округ қатысты. Олар: Аршалыда – 2 жауынгер, Тельман – 9, Приречен – 4, Архангелск – 4, Перелески – 2, Аят – 2, Свердлов – 5, Покров – 2, Красноармейский – 3, Денисовта – 42 жауынгер. «Жасыл елдіктерге» төленген еңбек ақының жалпы құны барлық төлемдерді қос алғанда 6 823 639 теңгені құрады.

– Жоба «жауынгерлері» тиісті құралдармен қамтылды. Оларға «Жасыл ел» логотипі салынған бас киімдер мен футболкалар берілді. Алға қойылған мақсатты түбегейлі орындау үшін қажетті сыпыр, күрек, тырмауыш сияқты еңбекке заттары үлестірілді. Жасақ мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Осылайша биылғы маусымды табысты аяқтап отыр. Бұл жоба кең сұранысқа ие және  жастар бастамаларының озық үлгісі ретінде әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз,-деді Татьяна Алпысбаева.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті Татьяна Алпысбаева жолдады.

Редактор

Недавние новости

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

1 час назад

Жарапазан исполнили на участках референдума в Камыстинском района

В селе Камысты на участках референдума прозвучал жарапазан — добрая народная традиция, наполненная теплом и…

1 час назад

Национальные костюмы и весеннее настроение объединили жителей Денисовского района в день Референдума

В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)

1 час назад

«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды

Республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасуда. 09:00-де басталған шараның алғашқы…

2 часа назад

«Это наша традиция»: многодетная семья из Аулиеколя голосует на референдуме

Лауреаты национального конкурса «Мерейлі отбасы» Эгамбердиевы сделали свой выбор. (далее…)

2 часа назад

This website uses cookies.