Қарасу ауданында 413 оқушы, 198 педагог «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуда

Ресми дерек бойынша  Қарасу ауданында 413 оқушы, 198 педагог Қостанай облысында жүзеге асып жатқан пилоттық жобаға қатысуға ниет білдіріпті.

Бүгінгі таңда олар тізімдегі кітаптарды жаттана оқып, әр кезеңнің тапсырмаларын таптұйнақтай орындауға талаптануда. Белсенді қатысушылардың бірі – Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Диана Булдина.

– Мен үшін бұл жоба аудандық кезеңнен облыстық кезеңге өтуге тамаша мүмкіндік. Өзімнің мүмкіндігімді сынап көру мақсатында қатысуға бел байладым. Оған қоса үйренсем, білсем деген қызығушылық алға жетеледі. Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Жоба басталғалы бері «Белый клык», «Серый лютый», «Остров сокровищ», ««Приключения Тома Сойера», «Гарри Поттер и философский камень» көркем шығармаларын оқыдым. Ал қазір шытырман оқиғаға толы «Робинзон Крузо» романын оқып жатырмын. Жыл сайын «Гарри Поттер» фильмінің барлық бөлімін қайталап көретінмін. Ал енді сол туындыны кітаптан оқу сәті бұйырды. Кейіпкерлердің есімдері фильм мен кітапта басқаша айтылатынын білдім,-деді Диана.

Бүгінгі аға буын өкілдерінің көпшілігінің балалық шағы кітап жастанумен өтті. Сығырайған май шамның жарығымен бір күнде бір кітапты оқып шығатын алдыңғы толқын әлі де сол ұстанымнан тайған емес.

– Ес білгелі кітап оқимын. Қазақ, орыс, француз, ағылшын, неміс, жапон, ауғанстан халқының әртүрлі жазушыларының шығармаларын оқимын. Ертеректе ертегі, шытырман оқиғалы шығарма, детектив оқиғалары, әңгімелер, новелла, махаббат, психологиялық романдар, бәрін қатарынан оқи беретінмін. Қазір, көбінесе жексенбі күндері аудиокітап тыңдап жүрмін. Өте ыңғайлы әдіс. Үй шаруасын жасап жүріп, құлақ түресіз.  Аудиокітаптың арқасында жапон жазушысы Харуки Мураками, ағылшын драматургі Сомерсет Моэм, Америкада тұратын ауған жазушысы Халед Хоссейни және тағы да басқа көптеген талантты жандардың шығармашылық әлеміне терең бойладым. Былтырдан бері «Кітап оқитын ұлт» атты тамаша жобаның басталғанын естіп жатырмыз. Мен оған қатысып жатқаным жоқ. Алайда, бастаманы бірауыздан қолдаймын. Ойлы ұрпақ қалыптастырамыз десек, кітап оқитын балаларды тәрбиелеуіміз керек,- деп өз ойын ортаға салды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лейла Оспанова.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер кейіпкерлердің жеке мұрағатынан алынды.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Денисовском районе проведут огнезащиту 20 школ

На огнезащитную обработку деревянных конструкций кровли в 20 учебных заведениях района выделено 2 млн тенге.…

5 часов назад

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

6 часов назад

Науырзымда ұлттық мұра жаңғырып келеді

Өлеңді ауылының тұрғыны Ерболат Бияхметов атадан қалған қамшы өру өнерін қайта жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дәріптеп…

6 часов назад

Торғайдың ақжарқын келіні

14 бөлмелі шаңырақты шуаққа бөлеп отыр. (далее…)

7 часов назад

Жанкелдин ауданында мектептердің жаңа оқу жылына әзірлік барысы қалай?

Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 88 миллионға жуық қаражат бағытталды. (далее…)

10 часов назад

This website uses cookies.