Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі түрде «Қарлы десант» еріктілер акциясын ұйымдастырып келеді.
Аталған акцияның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға нақты көмек көрсету және жастар арасында еріктілік мәдениетін дамыту.
«Қарлы десант» еріктілер тобы – қоғамның осал топтарына жанашырлық танытып, қыс мезгілінде қиындық көріп жүрген азаматтарға көмек қолын созатын белсенді жастардан құралған ұйым.
Биылғы акция барысында еріктілер Камшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтың ауласында қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Еріктілер тұрғын үй ауласын және кіреберіс жолдарын қардан таз лап қана қоймай, тұрғынмен әңгімелесіп, оған рухани қолдау көрсетті. Осындай қамқорлық пен жанашырлық аудан тұрғынының алғысына бөленіп, оның көңіліне жылулық сыйлады.

– «Қарлы десант» еріктілер акциясы – біздің волонтер жастарымыздың мейірімділігі мен белсенділігінің айқын көрінісі. Бұл акция тек физикалық көмек көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, оларды мейірімділік пен сыйластыққа тәрбиелейді. Біздің еріктілер Камшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік – техникалық колледждің студенттермен бірге жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіп, қоғамда жанашырлық пен өзара көмектің үлгісін танытып келеді. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар өз жалғасын табады, – дейді «Жүректен жүрекке» еріктілер штабының басшысы Олеся Марченко.
Аталған акция жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, олардың бойында жауапкершілік, мейірімділік және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шара қоғамда өзара көмек пен қолдау көрсету мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

«Жүректен жүрекке» еріктілер штабы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қоғамға пайдалы істерге белсенді түрде өз үлесін қоса бермек.
Ақжан Байтұрсынова
Суреттерді аудандық жастар ресурстық орталығы ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31