Қасиетті айда Сарыкөл кентіндегі аналарға құрмет көрсетілді

 Бұл сауапты іске мешіт жамағаты мұрындық болды.

Қасиетті Рамазан айының берекелі күндерінде “Аққозы қажы” мешіті ақ жаулықты аналарға игі іс-шара ұйымдастырды.

Мешіт жамағаты, әсіресе ақсақалдар қаржы жинап, сарыкөлдік жасы үлкен аналарға ерекше құрметпен сый-сияпат табыстады.

Бұл игі бастама – үлкенді құрметтеу, аналарға деген сыйластық пен мейірімді арттырудың жарқын үлгісі. Қасиетті айда ұйымдастырылған бұл іс-шара аналар қауымына ерекше әсер сыйлап, ізгілік пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.

Бізге берген сұхбатында “Аққозы қажы” мешітінің имамы Болат Карпеков аналардың қоғамдағы орны мен қадір-қасиеті туралы атап өтті. Оның айтуынша, ислам дінінде анаға құрмет көрсету – ең үлкен ізгі амалдардың бірі.

«Ана – әрбір отбасының тірегі, ұрпақ тәрбиесінің бастауы. Исламда ананың орны ерекше. Пайғамбарымыздың хадистерінде де анаға құрмет көрсету керектігі бірнеше мәрте айтылған. Осындай игі шаралар арқылы біз аналарымызға алғыс білдіріп, олардың батасын алуға мүмкіндік алып отырмыз. Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір жақсылықтың сауабы еселене түседі. Осын игі істі ұйымдастыруға қол ұшын созған мешіт жамағатына ризашылығымды білдіремін», – деді имам Болат Карпеков.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді ұсынған мешіт имамы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5