Науырзым ауданы: Әулет ұйытқысы болған ақ жаулықты ана
Аналар мерекесіне орай ауданымыздағы көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Назаркүл Қаратышқанованың шаңырағында болып, тағылымы мол әңгімесіне куә болдық. Жеті бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
1950 жылы дүниеге келген Назаркүл апа өмірін отбасы берекесі мен ұрпақ тәрбиесіне арнаған. Ол ұзақ жылдар пошта саласында еңбек етіп, қарапайым еңбектің қадірін терең түсінген жан.

— Отбасы бақытының негізі — сыйластық, сабыр мен бірлік. Үлкенге құрмет, кішіге ізет болса, шаңырақта әрдайым береке болады, — дейді кейіпкеріміз.

Назаркүл апа келіндерін де әрдайым қолдап, олардың қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасаған. Бүгінде балалары мен келіндері түрлі салада еңбек етіп, тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Әулет үшін Наурыз мерекесінің орны ерекше. Бұл күні балалары мен немере-шөберелері бір шаңырақ астына жиналып, дастарқан басында ән айтып, домбыра тартып, ұлттық дәстүрді дәріптейді.

Ақ жаулықты ананың ғибратты ғұмыры — кейінгі ұрпаққа өнеге, отбасы құндылығының айқын көрінісі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31