Қамыстыда 85 оқушыға мектепке дайындалуға көмек беріледі
Әр балаға 50 851 теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қамысты ауданында әлеуметтік осал санаттағы 85 оқушыға «Жалпыға бірдей білім беру» қоры арқылы қаржылай көмек көрсетіледі. Биыл бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге.
Қаражат ата-аналардың немесе заңды өкілдердің банк шотына тікелей аударылады. Оны мектеп формасына, спорттық киім мен аяқ киімге, сондай-ақ мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарларына жұмсауға болады.
Көмек АӘК алатын және табысы төмен отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ заңнамада белгіленген өзге де әлеуметтік санаттарға беріледі.
Қаражатты алған ата-аналар сатып алынған заттардың чектері мен фотосуреттерін 15 жұмыс күні ішінде мектепке тапсыруы қажет.
Қамысты аудандық білім бөлімінің бас маманы Юлия Кондрашкинаның айтуынша, басты мақсат – әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларды оқу жылына қажетті киім-кешек пен оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31