Қамысты ауданында ветеринариялық қауіпсіздікке 273 млн теңге бағытталды

Қамысты ауданында малдың қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. 2026 жылы республикалық бюджеттен ауданға 123 млн теңге бөлініп, Адаев, Алтынсарино, Бестөбе, Қамысты және Қарабатыр ауылдарында 5 мал қорымын (скотомогильник) салу жоспарланған.

Жаңа нысандардың құрылысы қауіпті мал қалдықтарын қауіпсіз жоюға және ветеринариялық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған бес елді мекеннің әрқайсысында типтік модульдік ветеринариялық пункт орнатылады. Олардың жалпы құны – 150 млн теңге.

Яғни, ауданның бес ауылында ветеринариялық инфрақұрылымды жаңартуға жалпы 273 млн теңге бағытталып отыр.

Аудан әкімінің айтуынша, барлық құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі.

«Жыл соңына дейін барлық жұмысты аяқтап, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға береміз» – деді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Жаңа нысандар іске қосылғаннан кейін ауылдардағы ветеринариялық қызметтің қолжетімділігі артып, мал өлекселерін қауіпсіз жою және санитариялық талаптарды сақтау жүйесі күшеймек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2