Қамысты ауданының мақтанышы республикалық олимпиада жеңімпазы!

 Қамысты ауданы үшін зор қуаныш пен мақтанышқа айналған ерекше жетістік!

Қамысты жалпы білім беретін №1 мектептің 11-сынып оқушысы Амина Сейдалина республикалық олимпиадада жеңімпаз атанып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

2026 жылғы 16-20 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Білім додасында Сейдалина Амина «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Бұл – оқушының білімге деген құштарлығы, табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, осындай биік белесті бағындыруда ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ата-анасының қолдауының алар орны ерекше.

Осы айтулы жетістікке орай мектепте жеңімпаз Аминаны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Жиын барысында оқушының жетістігі ерекше аталып, оған ізгі тілектер мен ақжарма құттықтаулар айтылды.

Республикалық деңгейде топ жарып, аудан мерейін үстем еткен Аминаның жеңісі – тек мектеп ұжымы үшін ғана емес, бүкіл Қамысты ауданы үшін үлкен мақтаныш. Бұл жетістік – жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттырып, өзге оқушыларға да үлгі болары сөзсіз.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді жолдаған – Қамысты жалпы білім беретін №1 мектебі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1