Денисов ауданының педагогы Баян Достанова «Құрмет» грамотасын алды

 Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Баян Достанова Денисов ауданындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Ол педагогика саласындағы 34 жылдық абыройлы қызметі үшін жоғары марапатқа ие болып отыр.

-Мерекелік іс-шарадан тамаша әсер алдым. Менің еңбегімді бағалап, сенім артқан аудандық білім бөліміне алғыс айтқым келеді. Алғашқы еңбек жолымды 1992 жылы тамыз айында Есіл ауданы Қаракөл ауылдық мектебінен бастағанмын. 1994 жылы №2 Денисов орта мектебіне келіп орналастым. Арада 34 жыл зулап өте шығыпты. Уақыттың қалай жылжығанын аңғармай қалыппын. Жұмысым өзіме ұнайды. Қазір алғашқы шәкірттерімнің балаларын да оқытып жатырмын»,-деген Баян Достанова толқынысын жасырмады.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесінде облыстың үздік мамандары «Ыбырай Алтынсарин медалімен, министрліктің және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Көп жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздарға «Еңбек ардагері» медалі табысталды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4