57 жыл бірге: Науырзымдық Сейдахметовтер сайлауда қол ұстасып дауыс берді
Бүгінгі сайлау күні №654 сайлау учаскесіне 57 жыл отасқан Сейдахметовтер отбасы – Мұхабетсапа ата мен Зайра апа қол ұстасып келіп, өз таңдауларын жасады.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы өмірдің ыстығы мен суығын бірге өткеріп, бір-біріне тірек болған жарасымды жұптың бұл қадамы көпке үлгі.
Қариялардың айтуынша, елдің тыныштығы мен ұрпақтың жарқын болашағы – баршаға ортақ құндылық. Сондықтан әр азамат ел өміріндегі маңызды сәттерден шет қалмай, өз таңдауын жасауы керек

«Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұрпағымыз бейбіт заманда өмір сүріп, еліміздің болашағы жарқын болғай. Біз де бүгін өз азаматтық таңдауымызды жасадық», – деп ақ тілектерін білдірді Сейдахметовтер отбасы.
57 жылдық сыйластық пен жарасымның үлгісін көрсеткен қос қарияның бұл сәті – шынайы махаббат пен өмірлік серіктестіктің әдемі көрінісі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31