Сарыкөлділіктер де белсенділік танытуда
Бүгін, таңғы 07:00-де Сарыкөл ауданындағы барлық сайлау учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.
Дауыс беру сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес штаттық режимде өтуде.
Учаскелердің жұмысы басталған алғашқы сағаттардан-ақ аудан тұрғындары дауыс беруге келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда. Алғашқы сайлаушылар дауыс беріп үлгерді. Оларға назар мен белсенділік танытқаны үшін естелік сыйлықтар табысталды.

Сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында қажетті жұмыстар ұйымдастырылған. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері өз қызметтерін белгіленген тәртіпке сәйкес атқаруда.

Сарыкөл ауданындағы барлық 30 сайлау учаскесі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Дауыс беру үдерісі жалғасуда.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31