Ең үлкен бақыт – сүйікті ісіңмен айналысу.

Бұл – Қамысты ауданына қарасты Қамысты ауылының тұрғыны Бестаубай Жалаушыбаевтың өмірлік ұстанымы. Тәуелсіздік алған 33 жылда бірқатар аудандар да еңбек еткен жүргізуші бұл істі мұқтаждық емес, құштарлықпен атқарады. Кез келген қиын жағдайға тап болған ауылдастарына көмектесуге ылғи да әзір.

Жақында көктемгі су тасқыны кезінде апаттың алдын алу, салдарын жою ісіне белсенді атсалысып, құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына көрсеткен көмегі үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірқатар азаматтарды «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен, министрліктің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады. Арасында қарапайым азаматтар да марапатқа лайық деп танылды. Аталған марапаттарды Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дамир Ермағамбетов табыстады.
Солардың қатарында – Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округінің жүргізушісі Бестаубай Жалаушыбаев та бар. Ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хатын иеленді.

-Шынымды айтсам, мұндай марапатты өзім де күтпедім. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарласып, Қостанай қаласында марапаттау рәсіміне шақырды. Биыл өңіріміз үшін көктемгі су тасқыны оңай болған жоқ. Жолдарды су басып кеткен кезде, күн-түні демей ауылдастармен бірге қайықпен тұрғындарға дәрі, азық-түлік жеткізіп тұрдық, – дейді ол.

Дегенмен, ауылдастарының алғысын алуды қымбат санайтын ол сүйікті ісінен ажырамақ емес.

-Менің жүргізуші мамандығына деген қызығушылығым ерекше болды. Ең алғаш Таран ауданында (қазіргі Бейімбет Майлин) жүргізуші болып еңбек жолымды бастадым. Жалпы, қайырымдылық жақсы қасиет ғой. Қысылған жанға көмек беріп, алғысын алсам сол сүйікті ісімнің нәтижесі деп білемін. Қазір ауыл әкімінің жүргізушісімін. Өткенге көз жүгіртіп қарасам, ұзақ жылғы еткен еңбек жолымда ешқандай жол апаты, басқа да жағдайлар орын алған емес. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлым үйленген, жұбайым екеуіміз немере сүйіп отырған жайымыз бар»,- дейді Бестаубай Мұхамбетуалиұлы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

17 часов назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

18 часов назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

18 часов назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

18 часов назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

19 часов назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

19 часов назад

This website uses cookies.