Ақтеңге Бабенова 28 жылдан бері ауыл саудасын дамытып келеді.

Арқа ауылының тұрғыны Ақтеңге Бабенова тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, жеке кәсіп бастап, бүгінге дейін табысты еңбек етіп келеді.
Арқа ауылының еңбекқор тұрғындарының бірі – Ақтеңге Бабенова. Ол ауыл өмірінің дамуына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкерлердің қатарында. Бүгінде оның «Жанна» дүкені ауыл тұрғындары үшін күнделікті қажетті тауарлардың негізгі сауда орнына айналған.
Ақтеңге Жұмағалиқызы 1964 жылы Арқа ауылына қарасты Үшкөл бөлімшесінде дүниеге келген. Мектепті сол кездегі Красный Октябрь ауылында тәмамдап, кейін Қостанай ауыл шаруашылығы техникумында бухгалтерлік есеп мамандығын меңгерген. Еңбек жолын туған жерінде бастап, ұзақ жылдар бойы совхозда бухгалтер қызметін атқарған.
– 90-жылдары жағдай қиындап, жалақы уақытында берілмеді. Сол кезде өз күнімді өзім көру керек екенін түсіндім, – дейді ол.
Экономикалық қиындықтар кәсіпкерді жаңа бағыт іздеуге жетелейді. Алғашында сырттан тауар тасып, ауыл тұрғындарын қажетті заттармен қамтамасыз етіп жүрген. Жинақтаған тәжірибесінің арқасында 1998 жылы ауыл орталығынан «Жанна» дүкенін ашады.
– Бастапқыда оңай болған жоқ. Бірақ есеп-қисапты меңгерген соң, бұл істі алып кеттім. Халыққа қажетті тауарды жеткізу – үлкен жауапкершілік, – дейді кәсіпкер.
Қазіргі таңда дүкенде азық-түлік, тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, киім-кешек секілді түрлі тауарлар сатылады. Сонымен қатар ол ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде дүкенде үш адам еңбек етеді.
– Ауылда тұрақты жұмыс орындарының болғаны маңызды. Біз соған өз үлесімізді қосып келеміз, – дейді ол.
Отбасында да береке бар. Жолдасы шаруа қожалығымен айналысып, жылқы өсіреді. Балалары ер жетіп, өз алдына шаңырақ көтерген. Немерелері – әжесінің басты қуанышы.
Зейнеткерлік жасқа жетсе де, Ақтеңге Бабенова кәсібін тоқтатпаған. Керісінше, дүкен жұмысын дамытып, тауар түрін көбейтіп келеді. Жақында Алматы қаласынан жаңа өнімдер әкеліп, ассортиментін толықтырған.
– Қазір ауылда сауда орындары көбейді. Дегенмен сұраныс та бар. Ең бастысы – сапалы тауар ұсыну, – дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, бүгінде Арқа ауылының жағдайы жақсарып келеді.
– Ауылда тұруға барлық мүмкіндік бар. Теміржол бар, жұмыс бар. Тек маман тапшылығы сезіледі, – дейді ол.
Ақтеңге Жұмағалиқызы ауылдың қоғамдық өміріне де белсенді қатысады. Қайырымдылық шараларынан қалыс қалмай, Жеңіс күні, Қарттар күні сияқты мерекелерде қолдау көрсетіп, «Мектепке жол» акциясына тұрақты түрде атсалысып келеді.
– Ауыл – бәрімізге ортақ үй. Сондықтан бір-бірімізге жанашыр болуымыз керек, – дейді ол.
Еңбегі еленіп, бірнеше мәрте аудан және ауыл әкімдігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталған кәсіпкер – табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісі. Осындай жандардың арқасында ауыл тіршілігі жанданып, оның болашағы нығая түсуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің өзінен алынды
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Житикаре приведут в порядок водоем Центрального сквера

Искусственный водоем всегда считался негласным символом города и одним из любимых мест отдыха местных жителей.…

8 минут назад

Госэнергонадзор проверил ход масштабных ремонтов в Аркалыке

Территориальный департамент государственного энергетического надзора и контроля по Костанайской области ведет постоянный мониторинг того, как…

1 час назад

Квест, игры, палаточный лагерь: как прошел туристический выезд в Мендыкаринский район

В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)

22 часа назад

В Аманкарагайском лесу высадили новые сосны в рамках программы «Таза Қазақстан»

В акции приняли участие 50 государственных служащих, которые вместе с работниками лесного хозяйства внесли свой…

1 день назад

С 11 июня на водоёмах Костанайской области разрешён улов всех видов рыб

Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…

2 дня назад

Заработать на каникулах и сделать село краше: как работает «Жасыл ел» в Денисовском районе

Лето - это не только время для отдыха, но и отличная возможность для молодежи сделать…

2 дня назад

This website uses cookies.