Ауданық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде мәдени-әлеуметтік акциясы өтті.
Елімізде кітапханашылар күнін атап өту тәртібіне өзгеріс енгізіліп, бұл мерекенің мән-маңызы арта түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген бұл күн – руханият пен білімге көрсетілген ерекше құрметтің айқын көрінісі.
Жаңа мерекелік күннің белгіленуі кітап мәдениетінің қоғамдық әрі кәсіби маңызын арттырып қана қоймай, түрлі мәдени-танымдық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға жол ашты. Бұл бастама кітапханашылар еңбегінің қадірін арттырып, оқырман мәдениетін дамытуға жаңа серпін береді.
Енді Ұлттық кітап күнімен қатар, 23 сәуір – Кітапханашылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтуде.
Осы орайда, күні кеше аудан орталығында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде дәстүрлі “Кітапхана түні – 2026” мәдени-әлеуметтік акциясы өтті. Аталған шараның басты мақсаты – кітапхананың тек кітап беретін орын емес, креативті идеялар мен жарқын кездесулердің, заманауи бастамалардың орталығы екенін көрсету.
Іс-шара барысында түрлі әдеби кештер, танымдық бағдарламалар, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше әсер сыйлады. Кітапсүйер қауым үшін бұл түн рухани азық алып, жаңа шабытқа толы болды.
Кітапхана – білімнің ғана емес, мәдениеттің, ой мен парасаттың ордасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл шара көпшілік көңілінен шықты.
– «Кітапхана түні – 2026» акциясының басты мақсаты – кітапханаға деген көзқарасты жаңғырту, оны заманауи мәдени кеңістік ретінде таныту. Бүгінде кітапхана тек кітап алатын орын емес, ол – шығармашылық пен жаңа идеялардың орталығы. Осы шара арқылы біз оқырмандарды тартуды, әсіресе жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды көздедік. Кеш аясында түрлі форматтағы кездесулер, әдеби ойындар мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Кітап – ұлттың рухани тірегі, ал кітапхана – сол құндылықты ұрпаққа жеткізетін алтын көпір, – дейді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Бейнегүл Тасқынбаева.
– «Кітапхана түні – 2026» шарасы маған ерекше әсер қалдырды. Кітапхананың осындай жаңа форматта ұйымдастырылған іс-шарасына балалыммен алғаш рет келуім. Әдеби кештер, түрлі ойындар мен кездесулер өте қызықты өтті. Әсіресе, жастардың белсенді қатысқаны қуантты. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршінлерге де түрлі ойындар, қызықты ақпараттар берді. Осындай шаралар кітапқа деген қызығушылықты арттырып, кітапхананың мүмкіндігі кең екенін көрсетеді деп ойлаймын. Кітапхана – тек білім алатын орын ғана емес, уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізетін рухани орталық екеніне көз жеткіздік. Балаларым риза болып қайтты, деп бөлісті Жамал Қойбағарова.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Смотрится она так, словно её только что «одели в новые одежды». (далее…)
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтеді. (далее…)
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)
Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…
«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…
This website uses cookies.