Қамысты ауданында күзгі орақ науқаны жалғасуда

Қамысты ауданында күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүргізілуде.

Аудан шаруашылықтары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинауға толық кірісіп, орташа өнімділік 10 центнер/гектарды құрап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев мәлімдеді.

«Осы жылы аудан бойынша егіс көлемі 313 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 260,7 мың га, оның ішінде бидай 237,6 мың га алқапқа егілді. Майлы дақылдар көлемі айтарлықтай артып, 41,2 мың га жетті. Сонымен қатар, 10,9 мың га жемшөп, 157 га картоп, 3 га көкөніс, 15 га бақша дақылдарына бөлінді», – дейді Ерлан Әлімбайұлы.


Егін ору жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін 1 425 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Оның ішінде 806 трактор, 288 комбайн, 331 жүк көлігі бар. Сондай-ақ, науқанға шамамен 1 500 адам тартылған. Аудан шаруашылықтары жыл басынан бері 664 млн теңгеге 14 жаңа техника сатып алды. Оның ішінде 6 трактор, 3 комбайн, 4 ауыл шаруашылығы жабдығы және 1 арнайы техника бар.

«Көктемгі егіс көлемінің артуына мемлекеттік қолдау шаралары айтарлықтай ықпал етті. Атап айтқанда, жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары аясында 23 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы сомасы 1 млрд 121 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Мал азығын дайындау жұмыстары да табысты өтті. Аудан бойынша 64 мың тонна шөп дайындалып, облыстық жоспар толық орындалды. Сонымен қатар, 13,8 мың тонна пішен мен 27,3 мың тонна сабан жиналды. 15,2 мың тонна сүрлем әзірленіп, жоспар 119%-ға орындалды», – дейді ауданы әкімі.

Қамысты ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары егін орағын ұйымшылдықпен атқарып, жыл соңына дейінгі жоспарларды орындауға толық дайын.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Денисов аудандық мемлекеттік архив қорының 36,9 % жуығы цифрланды

Денисов мемлекеттік архивіндегі цифрландыру үрдісі 2018 жылы басталды. (далее…)

20 часов назад

Районное первенство по волейболу: сильнейшие среди школ Аулиекольского района

В селе Аманкарагай состоялось районное первенство по волейболу среди общеобразовательных школ. (далее…)

20 часов назад

“Мәз-Майрам”ойын-сауық театры бір жылдық өнер белесінің мерейтойлық концертін берді

Науырзым өлкесінің мәдени тынысына жаңа леп әкелген ерекше өнер ордасы — «Мәз-Майрам» ойын-сауық театры 2024…

22 часа назад

This website uses cookies.