Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар ауданға басқа өңірлерден 25 адам және 12 қандас қоныс аударған. Бұл туралы аудан әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік салада бірқатар жоспар артығымен орындалып жатыр.
Бүгінде жұмыс іздеп, Қамысты ауданындағы жұмыспен қамту мекемесіне 359 азамат жүгінген. Халықты жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспар аясында 343 адам жұмысқа орналастырылды. Жылдық жоспар бойынша 574 адамды жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі таңда оның 59,7 пайызы орындалған.
Ұлттық жобалар аясында ауданда 23 жұмыс орны ашылды. Жоспар бойынша 26 жұмыс орнын құру көзделген болатын. Осылайша, бұл бағыттағы көрсеткіш 88 пайызға орындалды.
Ауданда табысы кедейлік шегінен аспайтын 21 отбасы немесе 92 адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Оларға көрсетілген көмектің жалпы көлемі 6,9 миллион теңгені құрады. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 33 баласына шамамен 1 миллион теңге көлемінде қосымша төлем берілді.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары аясында 2026 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК, яғни шамамен 1,7 миллион теңге көлемінде бір қайтарымсыз грант берілді. Грантты Қамысты ауылының мүгедектігі бар тұрғыны иеленген. Ол бөлінген қаражатқа ірі қара мал өсіруді қолға алып, жеке кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
«Қоғамдық жұмыстарға 53 жұмыссыз азаматты тарту жоспарланған. Алайда жыл басынан бері бұл бағытқа 64 адам қамтылып, жоспар 118 пайызға орындалды. Қамысты ауданында еңбек күші артық өңірлерден азаматтарды қоныстандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Жыл басынан бері Жетісу, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан 25 адам немесе 5 отбасы квота бойынша Қамысты ауданына көшіп келген. Жоспар бойынша 15 адамды қоныстандыру көзделген еді. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 166,7 пайызға орындалды»,- деді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.
Сонымен қатар ауданға 12 қандас немесе 4 отбасы қоныс аударды. Жоспар бойынша 10 адам қарастырылған болатын. Осылайша, қандастарды қабылдау бойынша жоспар 120 пайызға орындалды.
Ауданда жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және халықты қоныстандыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет аудан әкімдігінен алынды
В сельских школах региона проходит профилактический марафон. (далее…)
Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)
Шилі ауылының жастары туған жеріне тосынсый жасады. (далее…)
Аким Костанайской области Кумар Аксакалов побывал с рабочей поездкой в Аулиекольском районе. (далее…)
Семьи из Костанайской области соревнуются на самый большой улов и на первую рыбу. (далее…)
This website uses cookies.