Торғайдың аруы «Қазақ аруы» финалында

Жерлестеріне қолдау қажет.

Жангелдин ауданының Көкалат ауылында туған Әйгерім Қайпен республикалық «Қазақ аруы» байқауының финалына шықты. Енді жерлесіміз Алматыда өтетін ақтық сында Тобыл-Торғай өңірінің намысын қорғайды.

Әйгерім Қайпен – Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 4-курс студенті. Ол байланыс технологиялары мамандығын меңгеріп жүр.

Болашақ маман Жангелдин ауданына қарасты Көкалат ауылында дүниеге келген. Туған жерінде 11-сыныпқа дейін білім алған. Қасиетті Көкалаттан қазақтың көрнекті қаламгерлері Қоғабай Сәрсекеев, Қойшығара Салғара, Төлен Әбдік, Қонысбай Әбіл сынды елге белгілі азаматтар шыққан.
Әйгерімнің сұлулық байқауларындағы алғашқы жетістіктері де бар. Ол 2024 жылы «Miss KazATZU» және «Vice Miss Student Astana» атақтарын иеленген. Енді ол ел көлеміндегі «Қазақ аруы» байқауында бақ сынайды. Байқаудың финалы қараша айында Алматы қаласында өтеді.

«Қазақ аруы» байқауының биылғы ерекшелігі – жеңімпазды анықтауда көрермен дауысының маңызы зор. 2024 жылдан бері бас жүлде онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Бұл – Әйгерімге қолдау білдіріп, Торғайдың аруын жеңіске жеткізуге әрбір жерлесінің үлес қоса алатынын білдіреді. Сондықтан финал кезінде Торғайдың қызын қолдап, дауыс беруге шақырамыз!

Әйгерімнің «Қазақ аруы» сахнасында ұлттық киіммен шығуы да ерекше мәнге ие болмақ. Осы орайда көпшіліктің көкейінде жүрген ұсыныстың бірі – байқау барысында Торғай сәукелесін таныстыру. Тарихи жәдігердің түпнұсқасы аса құнды болғандықтан, оны тікелей сахнаға алып шығу мәселесі мамандардың шешімін қажет ететіні түсінікті. Алайда Торғай сәукелесінің тарихи үлгісін негізге алып, арнайы сахналық нұсқасын әзірлеуге болмас па?
Бұл бір ғана арудың байқауы емес, Торғайдың тарихы мен мәдениетін, ұлттық мұрасын күллі елге танытудың бір мүмкіндігі болар еді.

Қалай болғанда да, ақтық сынға жолдама алған жерлесімізге қолдау көрсету – туған елге деген жанашырлықтың белгісі.

Толығырақ «Біздің Торғай» газетінен оқисыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет кейіпкердің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

27 минут назад

Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды

Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)

21 час назад

Глава региона призвал аулиекольцев заниматься переработкой сельхозпродукции

Аким Костанайской области Кумар Аксакалов побывал с рабочей поездкой в Аулиекольском районе. (далее…)

21 час назад

Линь, окунь и плотва: в Костанайском районе проходит трехдневный семейный туристический слет по спортивной рыбалке

Семьи из Костанайской области соревнуются на самый большой улов и на первую рыбу. (далее…)

22 часа назад

This website uses cookies.