Қамыстыда алты жобаға 68 миллион теңге бөлінді

Қамысты ауданында бағдарлама аясында жалпы сомасы 68 миллион теңгеге алты жоба қаржыландырылды. Қаражат мал шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталды.

Ауыл экономикасын өркендету үшін өндірісті дамыту ғана емес, шағын кәсіпкерлікке жол ашып, тұрғындардың өз ісін бастауына мүмкіндік беру маңызды. Осы бағытта жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтуге қолайлы жағдай жасап отыр. Қамысты ауданында да мемлекеттік қолдаудың осы тетігін тиімді пайдаланып, бірнеше кәсіпкер өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың өңірлік коммуникациялар алаңында 2026 жылдың алғашқы он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда бағдарлама аясында жалпы сомасы 68 миллион теңгеге алты жеңілдетілген несие мақұлданып, қаржыландырылған.
Аудан басшысының айтуынша, бөлінген қаражат негізінен мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде ірі және ұсақ қара мал өсіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын кеңейтуге бағытталған.
– Шағын және орта бизнесті дамыту – ауыл экономикасын нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға және қолданыстағы шаруашылығын кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша құрал болып отыр. Бағдарлама арқылы берілетін жеңілдетілген несиелер ауылдағы кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, – деп атап өтті аудан әкімі.
Атап айтқанда, Адаев ауылдық округінде ұсақ мал шаруашылығын дамытуға 19,1 миллион теңге бағытталған. Оның ішінде Жайылма ауылындағы «Аян» жеке кәсіпкерлігіне 10,8 миллион теңге, Пушкин ауылындағы «Абенов» жеке кәсіпкерлігіне 8,3 миллион теңге бөлінген.
Ал Қамысты және Аралкөл ауылдық округтерінде ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге 25,7 миллион теңге көлемінде несие берілген. Атап айтқанда, «Жанабай» жеке кәсіпкерлігі 7,6 миллион теңге, «Зейнеп» жеке кәсіпкерлігі 7,3 миллион теңге, ал «Журмагамбетова Г.К.» жеке кәсіпкерлігі 10,8 миллион теңге көлемінде қаржыландыру алған.
Аудан басшысы мұндай жобалардың ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруда маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені мал басын көбейту, өндіріс көлемін ұлғайту және шаруашылықтарды дамыту ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұрақты жұмыспен қамту мәселесін шешуге де оң әсерін тигізеді.
Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Бұл бағытта «Кусаинова» жеке кәсіпкерлігінің жобасына 23 миллион теңге бөлінген. Қаражат жұмыс істеп тұрған дәмхана базасында жартылай фабрикаттар өндіруді ұйымдастыруға қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалмақ.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды
admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

От WorldSkills до виртуальных тренажеров: как в Костанайской области меняют подготовку кадров

На встрече, организованной КСТУ им. З. Алдамжар, представители колледжей и школ, а также специалисты предприятий…

20 часов назад

Құрылтай депутаттары туған Торғайын түлетті

Туған жердің табиғатын түлетуге бағытталған игі бастамаға Құрылтай депутаттары қолдау білдіріп, аудан тұрғындары жаппай атсалысты.…

20 часов назад

Аким Наурзумского района Мади Ихтиляпов посетил сёла Шолаксай, Кожа, Шили, Раздольное и Караменды

Главной целью визита стало непосредственное общение с местными жителями, изучение актуальных вопросов и проблем, волнующих…

20 часов назад

От ювелира до наставника – Бекзат Мұратов из Аркалыка выиграл на республиканском конкурсе художников «Жас толқын»

В 2021 году парень уже получал Гран-при конкурса «Жас толқын», спустя пять лет вновь стал…

20 часов назад

День национальной валюты тенге и День бухгалтера отметили в Наурзумском районе

Профессию бухгалтера нередко представляют как монотонную и не слишком интересную работу, состоящую из бесконечных цифр,…

20 часов назад

Қамысты: ауыл өміріне цифрлық серпін

Қамысты ауданында цифрлық технологияларды дамыту, шалғай елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту және мемлекеттік қызметтердің…

2 дня назад

This website uses cookies.